Нарық

Облыстарға Түркістан облысындағы қырыққабатты сатып алу тапсырылды

  • https://baigenews.kz/

    https://baigenews.kz/

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың жетекешілігімен Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мәселесіне қатысты селекторлық жиын өтті. Өңірлердің әкімдіктеріне Түркістан облысындағы қырыққабатты жаппай сатып алу туралы тапсырма берілді.

 

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет резервінен зардап шеккен фермерлерге екінші көктемгі егіс жұмыстары үшін 1,6 млрд теңге несие бөлу туралы шешім қабылданды.

 

Сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктеріне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар есебінен қаражатты Түркістан облысының фермерлерінен ерте пісетін қырыққабатты сатып алуға жұмсау туралы тапсырма берілді.

 

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысында 10-сәуірде басталған ерте пісетін қырыққабатты жинау науқаны мамыр бойы жалғасады. Фермерлер егістен 300 мың тонна көлемінде өнім алуды жоспарлап отыр.

 

Төтенше жағдай кезеңінде ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер өз өнімдерін өткізуде бірқатар проблемаларға тап болды. Олар қырыққабат өнімдерін ТМД елдеріне жөнелтуді жоспарлаған еді, алайда, дүкендер мен базарлардың жабылуына байланысты, аталмыш өнімге деген сұраныс азайды. Осыған орай, Премьер-Министр Асқар Мамин зардап шеккен фермерлерге қолдау көрсетуді тапсырды.

 

primeminister.kz




Көрілген: 636    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 19:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30