Нарық

«Олар бізге қамқор бола алмайды»: жас қаламгер үкіметтен үміт үзген диқандарға көпшіліктен көмек сұрады

  • «Олар бізге қамқор бола алмайды»: жас қаламгер үкіметтен үміт үзген диқандарға көпшіліктен көмек сұрады

    «Олар бізге қамқор бола алмайды»: жас қаламгер үкіметтен үміт үзген диқандарға көпшіліктен көмек сұрады

«250 мың тонна капуста көп қой. Əр қалаға екі-үш КамАЗдан жіберу керек шығар... Бəріміз сол хабарды əлеуметтік желіде таратсақ. Таратып қана қоймай, 10-20 капустадан алсақ. Идеям қалай? Үкіметтен еш қайыр болмаса, солай етейікші», - деп отыр Аягүл Мантай.

Қазір Түркістан облысында қырыққабат еккен шаруалардың сол өнімдерін өткізе алмай жатқаны мәлім. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейге өткізуге рұқсатты біресе береміз деп, біресе бермейміз деп екіойлы болып отырғанда, алқаптағы қырыққабаттар шетінен шіри бастаған. Жазушы Аягүл Мантай facebook парақшасында осы мәселені көтеріп, көпшілікті түркістандық диқандардың өз өнімдерін ел ішіне өткізе алуына септесуге шақырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Егер үкімет ештеңе істемесе, Ауылшаруашылығы министрінің қолынан түк келмесе, диқандарға өзіміз көмектесейікші. Əлеуметтік желіде құр отырмай, диқандар үшін пайдалы іс істейікші.

Маған бір идея келді. Арыс оқиғасында халыққа көп көмегі тиген Шымкентте еті тірі, халыққа жақын жігіттер бар еді ғой. Солар диқандардың капустасын диқанмен бірге əр облыс орталығына апаруын ұйымдастырса екен» - дейді жас қаламгер.

Олай дейтін себебі, диқандардың көпшілігі Жетісай мен Сарығаш аймағынан алысқа ұзап шықпаған. Еккен өнімін үлкен қалаға апарудың жолын білмегендіктен, тәуекелге бел бууға жүрексінеді екен.

«250 мың тонна капуста көп қой. Əр қалаға екі-үш КамАЗдан жіберу керек шығар. Білмеймін, енді ол жағын есептеу керек.

Оңтүстіктен баратын кісілерге əр қаладағы жергілікті белсенді жігіттер көмектессе екен. Сосын əлеуметтік желі арқылы КамАЗ қаланың қай жерінде тұрғанын жазса екен. Бəріміз сол хабарды əлеуметтік желіде таратсақ. Таратып қана қоймай, 10-20 капустадан алсақ. Идеям қалай? Үкіметтен еш қайыр болмаса, солай етейікші», - деген ол, осы орайда «Стеклянный замок» фильмінен мысал келтірді.

«Жасөспірім қыз Джаннетт бауырларына «Бұлардан бізге пайда жоқ. Олар бізге қамқор бола алмайды. Біз бір-бірімізге қамқор болуымыз керек» дейді ғой ата-анасын нұсқап (Джаннетт Уолсстың «Замок из стекла» кітабының желісімен түсірілген фильм ғой. Кітабы да ұнаған). Джаннетт айтпақшы, үкіметтен қайыр жоқ болса, өзімізге өзіміз қамқор болайықшы.

Сосын ұйымдастырған жігіттердің еңбегін пайда тапқан соң диқандар төлесе екен. Себебі, еңбектің өтемі болу керек», - деп түйіндеді сөзін Аягүл Мантай.

Бұл идеяны желідегі жұрт бірауыздан қолдап, тіпті, белсенді жігіттер қырыққабатты республика көлеміне тасымалдау жағын ойластыра бастады. Соған қарағанда, «карантиннің арқасында» бұқара билікке тәуелсіз әрекет ету керектігіне шындап көз жеткізген сыңайлы.

 

 




Көрілген: 734    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 23:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31