Нарық

Омархан Өксікбаев: Ел экономикасының үштен бір бөлігі - көлеңкелі экономика

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Көлеңкелі экономика мәселесін шешіп алсақ, ашықтық арқылы экономикамыздың даму үрдісін көрер едік. ҚР Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Мемлекет басшысы экономикамызда көлеңкелі экономиканың үлесі үлкен екенін айтып өтті. Ол экономикамыздың үштен бірі - көлеңкелі экономика екеніне, оның қауіп-қатеріне және сыбайлас жемқорлыққа әкеп отырғанына баса назар аударды. Ол құқық қорғау органдарының басты жұмысы - көлеңкелі экономикамен күрес болуы керектігін айтты. Бұл - өте дұрыс тапсырма. Осы мәселені шешіп алсақ, ашықтық арқылы экономикамыздың даму үрдісін көрер едік», - дейді ҚР Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

 

Ол Мемлекет басшысының теңгені бір қалыпқа келтіру мәселесін қозғағанына тоқталып өтті.

 

«Теңгенің тұрақсыздығы бизнестік инвестиция жасауға ұмтылыстың жоқтығына, шетелдік инвесторлардың сенімсіздік танытуына әкеліп отырғаны белгілі. Осы мәселенің бәрін дер кезінде шеше алсақ, бұл ертеңгі күні теңгеміздің тұрақтануына және инвестициялық климаттың қалыпқа келуіне септігін тигізер еді. Сондай-ақ, елімізде заң аясында қырыққа жуық салық пен түсімдер бар екені белгілі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен оны оңтайландырып, нақтылап, экономикаға жұмыс істейтін және бюджетке өз мұқтажын шешетін жағдай туғызу көзделіп отыр», - дейді ол.


 




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.09.2020, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31