Нарық

"Омикрон" теңге құлдырауының себепшісі болды

  • "Омикрон" теңге құлдырауының себепшісі болды

Жұма күніне бері теңгенің құлдырауы байқалады. Биржада валютамыз екі жарым пунктке төмендеген. Ақша айырбастау орындарында доллар 440 теңгеге сатылып жатыр. Ұлттық банкте теңгенің құлдырауына коронавирустың жаңа штамы "омикрон" мен мұнай бағасы себепкер болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Жаңа штаммен байланысты құбылмалылық салдарынан доллар және өзге валюталар қымбаттай түспек. Мұнай бағасының қымбаттауы және сыртқы нарықтағы жағдайлар ұлттық валютаның жұмадан бері 433,50 теңгеге дейін немесе 0,4% құлдырауына әкеп соқты", - деді Ұлтық банктің монетарлық операциялар департаментінің басшысы Мұхтар Орман. 

Вирустың жаңа штамы мұнай бағасын бірнеше күнде 12%-ға төмендеткен. Алайда құлдыраудан кейін мұнай қайта қымбаттай бастады. Дегенмен теңге әлі көтерілмеді. Мамандар қаржы нарығы әлемдік локдаунның қайталану ықтималдылығы салдарынан құбылып тұрғанын айтады. 

"Курстың қазіргі күйі сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен болды. Мұнай арзандады, АҚШ өздеріне қымбат мұнайдың қажеті жоқ екенін мәлімдеді. Жаңа штамм. Елдер жабылады, яғни еуропалық мемлекеттер толығымен локдаун жариялауы мүмкін. Мұнай бағасы өсуін жалғастырады, бірақ теңге орнынан жылжымайды", - деп болжады экономист Арман Бейсембаев.




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 10:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31