Нарық

Онлайн-кассаны қолдануға толық өту 2019 жылы жүзеге асырылады

  • Онлайн-кассаны қолдануға толық өту 2019 жылы жүзеге асырылады

    Онлайн-кассаны қолдануға толық өту 2019 жылы жүзеге асырылады

– Қазақстанда онлайн-бақылау-кассалық машиналарын (онлайн-БКМ) қолдануға толық өту 2019 жылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, деп хабарлады бейсенбіде қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.

«2018 жылғы 23 желтоқсаннан бастап салық төлеушілер ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының қызмет түрлерін қолдануға тиісті Қаржы министрінің бұйрығы күшіне енеді», - делінген хабарда.

Келесі жылдан бастап, тоқсан сайын салық төлеушілер онлайн-кассалық тіркеулерді қызмет түрлері кеңейтілетін болады

«2019 жыл ішінде тоқсан сайын онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі: 2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі; 2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі; 2019 жылдың 1 сәуірінен 224 қызмет түрі өтеді. Осылайша, 2019 жыл ішінде толық онлайн-БКМ қолдануға өту жүзеге асырылады», - делінген хабарда.

Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге таратылмайды.

Осы бұйрық тек, салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-БКМ қолданатын қызмет түрлерін аңықтайтынын атап өтеміз.

БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен реттеледі.

ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiлетініне назар аударамыз.

Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан: жеке тұлғалар; адвокаттар мен медиаторлар; жеке кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды сатудан басқа) қызметін жүзеге асыратын, патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін; бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі; екінші деңгейдегі банктер босатылады.


kaztag.kz




Көрілген: 1332    Пікірлер: 0

жұма, 21.12.2018, 12:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31