Нарық

Оңтүстік Кореядан Қазақстанға айына 5 миллиард теңге аударылады

  • Оңтүстік Кореядан Қазақстанға айына 5 миллиард теңге аударылады

    Оңтүстік Кореядан Қазақстанға айына 5 миллиард теңге аударылады

Оңтүстік Кореядан Қазақстанға айына 5 миллиард теңгедей ақша аударылады, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.


Телеарнаның мәліметіне сәйкес, бұл ақшаны сол елде заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар жібереді екен. Ақша аударымдары өткен жылмен салыстырғанда 60%-ке артқан. Доллар бағамы өскен соң қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға қарай ағыла бастапты.


"Екінші деңгейлі банктердің мәліметі бойынша Қазақстанға жеке тұлғалардан келіп түсетін ақшалардың көбі Ресейден және Оңтүстік Кореядан келеді. Кореяға барлық аударымдардың 17% тиесілі. Теңгеге шаққанда биыл бес айда 26,5 миллиард теңге түскен", - дейді ҚР Ұлттық банкінің бас маманы Төлеген Тыныштыбаев.


Телеарна тілшісі Кореяда жұмыс істеп жүрген отандасымыздың бірімен WhatsApp желісі арқылы байланысқан. Ол аты-жөнін айтып, бет-бейнесін көрсетуді қаламапты.


"Бұл елде тұрғаныма бір жыл болды. Екі зауытты ауыстырып көрдім. Қазір үшінші зауытта қызмет етемін. Теңгеге шаққанда енді Қазақстанға 500 мың теңге жібересіз. Ал өзіңіздің бұл жақта тұратын жүретін шығыныңыз бар. Пәтер жалдап тұратын болсаңыз, 200 доллар айына төлеп тұрасың. Бұл үнемі солай деп ойламаңыз. Кейде жұмыс болмай қалады. Жұмыс істемеген күндерді есептегенде жоқ дегенде 2-3 айға кетіп қалады", - Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматы.


Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі таңда бұл елде 9996 қазақстандық мигрант жүр. Олар 20 мен 40 жас аралығындағы қыз-жігіттер. Ал былтыр Кореяда он бір мыңдай отандасымыз болыпты.


sputniknews.kz


 




Көрілген: 724    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.06.2019, 23:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31