Нарық

ОПЕК+ келісімінен кейін мұнай бағасы 54 долларға өсіп, теңге қымбаттады

  • © Sputnik / Наталья Селиверстова

    © Sputnik / Наталья Селиверстова

Сейсенбіде ОПЕК+ елдері ақпан мен наурыз айларында мұнай өндіруді қысқарту туралы тағы бір келісімге қол қойды. Содан кейін жанармай бағасы соңғы бір жыл ішінде алғаш рет 54 доллардан асып түсті. Сонымен қатар, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап төмендеді.

 

Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылдың 26 ​​ақпанынан бастап алғаш рет барреліне 54 доллардан жоғарылады, деп жазады РИА Новости.

 

Таңертеңгі 8:27-дегі жағдай бойынша (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Солтүстік теңіздегі Brent маркалы мұнай қоспасына наурыз айының фьючерс бағасы барреліне &ndash 0,92%-ке, яғни 54,02 долларға, ал WTI маркасының барреліне ақпан айының фьючерсі &ndash 0,4%-ке, 50,12-ге долларға дейін өсті.

 

Ал Tengenomika-ның Telegram-арнасының хабарлауынша, мұнай ОПЕК+ келіссөздерінің сәтті өтуі нәтижесінде қымбаттады.

 

"Бұдан әрі шикізат валютасының мұнайға деген оң реакциясын күтеміз. Жалпы алғанда "мұнай" валютасының АҚШ долларына қатысты нығаюы жеделтейтін емес. Сондай-ақ, олардың бұл деңгейі қазіргі мұнай бағасының көрсеткішіне сәйкес келеді", &ndash делінген түсіндірмеде.

 

Теңге бағамы нығая түсті

 

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллар бағамы 2021 жылдың 6 қаңтардағы таңғы сауданың қорытындысы бойынша 418,95 теңгені құрады.

 

Алдыңғы сауда-саттықпен салыстырғанда ұлттық валюта долларға шаққанда 1,88 теңгеге қымбаттады. Ал 5 қаңтардағы кешкі сауда-саттық бір доллар үшін 420,83 теңгенің бағасымен аяқталды. Бұл мөлшерлеме Ұлттық банктің 6 қаңтардағы ресми бағамы болып табылады.

 

Kurs.kz сайтының дерегінше, Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде доллар орташа есеппен 420 теңгеден сатылып, 418,5 теңгеден қабылданып жатыр.

 

Ал Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде америкалық валюта 420,5 теңгеге сатылып, 419 теңгеге сатып алынады.

 

Сондай-ақ, Шымкентте долларды 419 теңгеден сатып алып, 421 теңгеден сатуда.

 

ОПЕК-тің сыйлығы

 

Айта кетейік, 5 қаңтарда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер кеңесі өтті. Кездесу нәтижесінде келісімге қатысушы елдер мұнай өндірісінің төмендеуінің қазіргі деңгейін 2021 жылдың ақпан және наурыз айына ұзарту туралы шешім қабылдады.

 

Оқи отырыңыз: COVID-19 вакцинасына қатысты жаңалықтан соң мұнай 10%-ке қымбаттады

 

Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей үшін бұл кезеңде өндірісті кезең-кезеңімен 10 және 65 мың баррельге дейін сәйкесінше арттыруды көздейтін жеке шарттар келісілді. Осылайша, ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін ақпан және наурыз айындағы міндеттемелер тәулігіне 1,427 миллион баррель құрайды.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 2459    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.01.2021, 13:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31