Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ОПЕК+ мұнай өндірудің мақсатты деңгейін түзетуге келісті

05 маусым 2023, 10:15

ОПЕК+ 2024 жылдан бастап мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне шамамен 1,4 миллион баррельге, тәулігіне 40,46 миллион баррельге дейін қысқартады. Бұл туралы альянстың 4 маусымда өткен отырыс қорытындысы бойынша берген ресми мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , - деп Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"ОПЕК-ке қатысушы елдер мен ОПЕК-ке кірмейтін елдер үшін жалпы мұнай өндіру деңгейін 2024 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін тәулігіне 40,46 миллион баррельге дейін түзету", - делінген хабарламада.

 

ОПЕК+ қазірдің өзінде 2023 жылдың аяғына дейін тәулігіне 2 миллион баррельге, яғни тәулігіне 41,856 миллион баррельге дейін қысқартып жатыр. Ал 2024 жылға арналған мақсатты деңгей коммюникеге қоса берілген кестеге сәйкес тәулігіне 40,463 миллион баррель деңгейінде белгіленген. Демек, жаңа жылда төмендеу тәулігіне 1,393 миллион баррельге дейін болады.

 

Еске салайық, ОПЕК+ құрамына 10 ел кіреді: Әзербайжан, Бахрейн, Бруней, Қазақстан, Малайзия, Мексика, Оман, Ресей, Судан, Оңтүстік Судан.