Нарық

ОПЕК+ отырысы қарсаңында мұнай бағасы өсті

  • https://oilcapital.ru/

    https://oilcapital.ru/

Сейсенбі күні мұнай бағасы алдағы ОПЕК+ отырысы қарсаңында өсті. Отырыс осы аптаның соңында онлайн өтеді деп күтілуде. 

 

LCO Brent маркалы мұнай фьючерстері 1-інен бастап 0,94%-ға немесе 36 центке, яғни баррелі 38,68 АҚШ долларына дейін қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

 

West Texas Intermediate (WTI) CLc1 маркалы шикі мұнай фьючерстері 0,73%-ға (26 центке), яғни баррелі 35,70 АҚШ долларына дейін қымбаттады.

 

ОПЕК+ өндірушілері шілде немесе тамыз айларында мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге (әлемдік өндірістің шамамен 10%) азайту мәселесін 4 маусымда болатын онлайн-отырыста қарастырады.

 

Сәуірде келісілген ОПЕК+ жоспарына сәйкес жеткізілімдердің рекордтық қысқаруы мамыр мен маусым айларында басталып, шілде-желтоқсан аралығында тәулігіне 7,7 млн баррельге дейін азаяды.

 

Дереккөздер өткен аптада Reuters агенттігіне Сауд Арабиясы мұнай өндіруді айтарлықтай азайтуды одан әрі жалғастыру туралы келіссөз жүргізіп жатқанын айтты. Бұл ұзарту мүмкіндігі мұнай бағасының 40 АҚШ долларына дейін өсуіне әкелуі мүмкін екені атап өтілген.

 




Көрілген: 457    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 17:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31