Нарық

Орташа табыс 100 мың теңгеге де жетпейді...

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

2020 жылдың IV тоқсанында қазақстандықтардың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы орта есеппен 125,4 мың теңгені құрады. Түркістан облысы, Шымкент  қаласы және Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстары сынды оңтүстік өңірлерде бұл көрсеткіш 100 мың теңгеге де жетпейді  деп жазады ranking.kz-ке сілтеме жасаған kursiv.kz.

 

Бұл сома 2019 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға артық. Тауар мен  қызмет бағасын ескерсек, халықтың ақшалай табысы нақты мәнде 5,2%-ға өскен. 2020 жылдың төртінші тоқсанында ҚР өңірлері арасында жан басына шаққандағы ең төменгі орташа атаулы ақшалай табыс 65,9 мың теңге (Түркістан облысы) болған. Ал ең жоғары атаулы табыс –  230,2 мың теңгені Атырау облысының тұрғындары алады.

 

Айта кететін жайт, Атырау облысы тұрғындарының кірісі биыл  2%-ға азайса, ал Түркістан облысында 7,4%-ға өсіпті.  Жалпы,  оңтүстік өңірлердергі жан басына шаққандағы ең төменгі атаулы ақшалай табыс 100 мың теңгеден аспайды. Түркістан облысынан кейін Шымкент қаласы (79,1 мың теңге), Жамбыл (86,5 мың теңге), Алматы (90,7 мың теңге) және Қызылорда (91,2 мың теңге) облыстары келеді.

 

Атырау облысынан бөлек, жан басына шаққандағы ең жоғары атаулы табыс Нұр-Сұлтан (192,9 мың теңге)  мен Алматы (185 мың теңге)  қаласына тиесілі. Атырау облысымен қатар, халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы нақты мәнде Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында азайыпты.

 

Биыл ақпан айында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 122,4 мың теңгені құраған. Бұл 2020 жылғы ақпанмен салыстырғанда 11%-ға, 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 0,1%-ға артық.

 

 

 

 




Көрілген: 918    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 09:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31