Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Отандық ғылымға демеу болатын мекеме ашылды

28 мамыр 2011, 12:07

Кеше Алматыда «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ашылды. Жаңа мекеме қызметі отандық ғылымның дамуына, техникалық прогреске қолдау көрсетуге және оның жетістіктерін қолданысқа енгізуге бағытталған.

«Ғылым ордасы» Ғалымдар үйінің күрделі жөндеуден өткен ғимаратында ашылды. Ғылым ошағының ашылу барысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Рес­публикасы білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қазіргі күні Қазақ­с­тан ғалымдары үшін инттеллектуалдық қыз­метті дамытуға барлық жағдай жасалып жатқандығын, жаңадан ашылған мекеме соның дәлелі екенін айтты. Салтанатты ашылудан кейін министр осы мекемеде қазақстандық ғалымдардың, Парламент депутаттарының, елдегі ғылыми ұйым­дар мен жоғары оқу орындары өкілдері­нің қатысуымен өткен «Ғылымның дамуы – еліміздің болашағы» атты форумға қа­тысты. Жиында министр ең алдымен елі­міздегі ғылымды дамыту шараларына тоқталып өтті. «Өткен жылы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға ар­нал­ған мемлекеттік бағдарламасы бекі­тілді. Онда білім және ғылымды дамыту, білікті кадрлар дайындау сынды түрлі мәселелер қамтылған. Қазіргі күні ғылымды басқару фукциялары бойынша түрлі жұмыстар атқарылуда. Ұлттық ғылыми кеңестер құрылды. Олар жобалар мен бағдар­ла­ма­лардың орындалуы туралы нақты шешім қабылдайтын болады. Басқа да жұмыстар қолға алынып жатыр. Алдағы уақытта елде мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы құрылатын болды. Онда шешім қабылдаудың барлық деңгейі өзіміз­дің және шетелдік ғалымдардың қатысуы­мен өтетін болады», – деді министр. Сондай-ақ ол маңызды аспектілердің бірі – ғы­лымды қаржыландыру мәселесіне де тоқталып өтті. Б.Жұмағұловтың сөзіне қара­ғанда, Қазақстанда ғылымды қар­жыландырудың көлемі жыл сайын ұл­ғайып келеді. Мәселен, 2010 жылы ғы­лым­ды қаржыландыру көлемі 24,2 млрд теңгені құраса, биыл бұл салаға 29,3 млрд теңге бөлінді. Ал 2012 жылға ар­налған бюджеттің жобасы – 54,5 млрд теңге. Ағымдағы жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибеге жұмсалған шы­ғын­ның үлесі ЖІӨ-нің 0,24 пайызын құраса, 2015 жылы 1 пайызға дейін артады деп жоспарлануда. «Бұл көрсеткіш 2010-2014 жыл­дарға арналған инновацияны дамыту және технологиялық жаңғырту бағдар­лама­сында бекітілді. Осы көрсеткішті ғы­лым­ды дамытудың 2011-2015 жыл­дар­ға ар­налған салалық бағдарламасы­нан да көруге болады. Бұл жоба әзірленді, жа­қын арада талқыланып, артынан Үкі­метте бекітіледі деген сенімдеміз», – деді Б.Жұмағұлов.