Нарық

Отандық киім бағасы қымбаттайды

  • Отандық киім бағасы қымбаттайды

    Отандық киім бағасы қымбаттайды

«Хабар 24» арнасының мәліметінше, елімізде мақта аз, ал әлемдік нарықта оның бағасы күрт өскен. Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы киімнің қымбаттауын осылай деп түсіндірді. Нарықтағы сұранысты бұрынғыдай импорттық өнімдер жауып отыр. Ал отандық тігін кәсіпорындары былтыр негізінен мемлекеттік тапсырыстарды орындаумен айналысқан.

«Жалпы, біздің елде өсірілетін мақта көлемі ішкі нарықты қамти алады. Бірақ оның барлығы дерлік экспортталатындықтан, өзімізге мақта жетпейді», дейді қауымдастық президенті Любовь Худова.

Ал қазақстандық тігін кәсіпорындарына кем дегенде 15-20 мың тонна мақта керек. Осы тұста, жүктемесін орындау үшін олар шикізатты сырттан сатып алуға мәжбүр. Ал әлемдік нарықта мақтаның бағасы орта есеппен 30%-ға өсті. Жүн мен полиэстерден жасалған маталардың да құны көтерілген. Соның салдарынан, импорттық киім қымбаттады.

«Хабар 24»




Көрілген: 763    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.06.2021, 13:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30