"Отбасы банк" депозиттерді сату және сатып алуға өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты

30 наурыз 2022, 17:41

2022 жылғы 31 наурыз мен 8 cәуір аралығында техникалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз, осыған байланысты жаңа өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. , - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Отбасы банктің" ресми сайтына сілтеме жасап.

2022 жылғы 31 наурызға дейін сатуға шығарылған депозиттер талаптары өзгертілмей 2022 жылғы 8 сәуірге дейін 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатын болады.