Нарық

"Отбасы" банкінің сайтында "ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару" батырмасы пайда болды

  • "Отбасы" банкінің сайтында "ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару" батырмасы пайда болды

Зейнетақы жинақтарын пайдалану веб-сайтында БЖЗҚ-дан ақша алуға өтінішті қайтару мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Отбасы» банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында «БЖЗҚ-ға қаражат қайтару» батырмасы 25 ақпаннан бастап іске қосылды. Енді дұрыс емес өтініш жасаған болсаңыз, алынған қаражатты қайтару үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ.
Сіз арнайы шотқа біржолғы зейнетақы төлемдерін алғаннан кейін онлайн-платформаның жеке кабинетіндегі БЖЗҚ шотына қаражат қайтара аласыз», - деп хабарлады «Отбасы» банктің баспасөз қызметі.

Сіз қаражатты үш қадаммен қайтара аласыз:

1. enpf-otbasy.kz веб-сайтына өтіңіз.
2. БЖЗҚ-ға қаражат қайтарғыңыз келетін бөлімді ашыңыз.
3. «БЖЗҚ-ға қаражат қайтару» қызыл батырмасын басыңыз.
Үш жұмыс күні ішінде қаражат «Отбасы Банктің» арнайы шотынан БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылады. Ақшаны алғаннан кейін, қажет болған жағдайда, қайтадан ақша алуға өтініш жасауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда емделуге арналған зейнетақы жинақтарын алуға арналған платформа 25 ақпаннан бастап жұмыс істейді.




Көрілген: 1544    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 19:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30