Нарық

ОВЕРДРАФТ ТУРАЛЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН

  • ОВЕРДРАФТ ТУРАЛЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН

    ОВЕРДРАФТ ТУРАЛЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН

Талғаттың жұмыс күні «шұғыл түрде ақшаны қайдан табуға болады?» деген сұрақтан басталды. Әрине үлкен сомада емес, қалай айтсақ болады, қарапайым адамдардың әмиянынан бір-екі миллион табыла қоймас, ал орта немесе шағын бизнесі бар адамдар үшін – бұл қалыпты жағдай. Кәсіпкер үшін тауардың жаңа партиясын дереу сатып алу қажет болды, клиенттердің бірінен жақын күндері төлем түсуі қажет («ертең» деген ұғым екі аптаға созылатын жағдай), ал жеткізуші төлеммен асықтыруда, өйткені қайта есептеу жүргізіледі және тауар құны өсуі мүмкін. «Ерте емес, кеш емес» немесе «екі оттың ортасында» қалған сәт.


Бақытына орай, ЖК Талғатқа АТФБанкте операциялық қызмет көрсетіледі, ол қаржылық қолдау көрсетілу үшін осы банкке жүгінген болатын, жай кредит ресімдегісі келген еді, овердрафт алды, алайда ең маңыздысы енді ақшаны ұзақ іздеудің және күтудің қажеті жоқ.


Енді, овердрафт дегеніміз не және ол іскер адамдарға кейінге қалдырылмайтын қаржылық проблемаларды шешуде қалай көмексетіндігі туралы айтамыз.


Тура мағынасында «овердрафт» сөзі «артық жұмсау» дегенді білдіреді. Ал банкирлер тілінде – бұл қысқа мерзімді қарыз, ол компанияның айналымдағы қаражатын толтыру үшін беріледі. Яғни, овердрафт – кредит, бірақ ол банк өзінің сенімді клиенттеріне ғана беретін қысқа мерзімді, әдетте 30 күннен аспайтын мерзімге берілетін кредит. Әрбір қарыз алушы үшін ол бойынша сома жеке компания шотының айналымдары негізінде есептеледі.


Овердрафтты көбінесе:


- айналымдағы қаражатты толтыру;


- ақша түсімі мен оларды жұмсау мерзімдері сәйкес келмеуіне қарай ақша қаражатының уақытша жеткіліксіз болуына тап болған ұйымның кассалық айырмашылықтарды жабуы үшін ;


- жалақы немесе қандайда да бір мемлекеттік төлемдерді өтеу үшін пайдаланады.


Тек шектеулі жағдайда басқа банктердегі кредиторлық берешекті өтеуге байланысты төлемдер болады.


Яғни, енді Талғат банктен өте жылдам ақша алауына, өзіне қажетті тауарды жеткізуші оның құнын өсіріп жібергенге дейін сатып алуына болады, ол енді клиентінің алдында «жаман атты» болмайды және ол үшін әрқашан қолдау көрсетуге дайын, клиентке бейімделген серіктес болып қала береді. Ұзақ күтілген төлем шотқа түскеннен кейін кәсіпкер бар болғаны банкке қарызға алған соманы қайтарып береді.


Овердрафт – ең көп сұраныстағы қарыз түрі, осы өнім бойынша кредиттеу көлемі жыл сайын өсуде, 2019 жылы АТФБанк мәліметтері бойынша өсім өткен жылмен салыстырғанда 20% артық болған.


Овердрафтта, басқ да кредиттер сияқты өзіндік спецификалық айырмашылықтар мен ерекшеліктер бар. Қарастырып көрейік.


Ең басты артықшылығы – оңай ресімделеді.


Біріншіден, оны алу үшін кепіл талап етілмейді.


Екіншіден, кредиттің басқа түрлерін керек кезінде жаңадан ресімдеу қажет болса, овердрафт бір рет қосылады, оны жыл бойы бірнеше рет пайдалануға болады.


Үшіншіден, овердрфт үшін өзінің кірісінің тұрақты екендігін растау керек. Банк үшін клиенттің шот бойынша айналымы тұрақты және қарызды уақтылы өтеу үшін оның қажетті қоры бар екендігіне көз жеткізуі жеткілікті.


Сонымен қатар ШОБ кәсіпкерлері дәл осы қаржылық қызметті пайдалануы үшін сенімді дәлел бола алатын тағы бірнеше ерекшелігі бар.


Қаржыландыру сомасы


Кәсіпкер АТФБане ұсынған овердрафт бойынша алуына болатын соманың мөлшері – жарты жылдағы орташа кредиттік айналымнан 40% дейін.


Бұл қалай жұмыс істейтінін білу үшін таза кредиттік айналым дегініміз – компания шотына оның тікелей кәсіпкерлік қызметінен түсетін пайда екенін білу қажет. Қаржылық көмек, төлемдерді қайтару, кредиттер және басқа да шотқа қосымша ақша түсімдері бұл жағдайда ескерілмейді.


Бұл іс жүзінде былай көрінеді: айтайық, 6 айдағы бизнес бойынша таза кредиттік айналым 60 млн. теңгені құрады, яғни компания орта есеппен айына 10 млн. табыс тапқан. Тиісінше, банк 4 млн. теңгеге дейінгі сомаға овердрафт лимитін бере алады.


Басқа банктердің клиенттері де назардан тыс қалмады, олар үшін осы шарттардың бәрі қолданылады, тек аздаған айырмашылық қана бар, сома бойынша максималды лимит аздап төмен болады – 30% дейін, ал ақша жүзінде ол 3 млн. теңгені құрайды.


Төлем мерзімі мен мөлшері


Әдетте кез келген кредит белгілі бір кесте бойынша төлемдерге бөлініп өтеледі. Осылайша, оны қайтару – бірнеше айдан бастап, бірнеше жылға созылатын ұзақ әңгіме. Овердрафт бірден және қарыз сомасының толық мөлшерінде өтеледі. Қазақстандық нарық үшін стандартты өтеу кезеңі – 30 күн, яғни бір ай ішінде барлық қарыздарын төлеп, қарызды қайтарып үлгеру керек. АТФБанк клиенттері үшін бұл жағдайда ұтымдырақ, олар үшін өтеу кезеңі 45 күнді құрайды. Сондай-ақ, осы уақыт ішінде егер кәсіпкерде қаржылық мүмкіндік туындаса мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі қарастырылған.


Пайыз


Овердрафт бойынша пайыздар әдетте басқа кредит түрлерімен салыстырғанда жоғары. Алайда көзбен қорқудың қажеті жоқ – кредиттеу мерзімінің қысқа болуына байланысты іс жүзінде артық төлем аз, тіпті мардымсыз деуге де болады.


Талғат өзіне қажетті тауарды 4 млн. теңгеге сатып алған. Оның ішінде 2 млн. теңгені ол овердрафт қаражаты есебінен төледі. АТФБанктегі сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі – 25,8%. Аз емес сияқты. Клиент Талғат бір аптадан кейін оны төлеп тастайтындығын ескерсек, қарыз бойынша артық төлем бар болғаны 8 945 теңгені құрайды.


Айта кету керек, овердрафт бойынша сыйақы оны нақты пайдаланған күндер үшін ғана төленеді.


Овердрафтты қалай ресідеуге болады


АТФБанк бөлімшесіне осы қарыз түрін ашу туралы өтініш бересіз. Овердрафт лимиті анықталатын негізгі құжат – шоттар бойынша үзінді, онда сіздің айналымдарыңыз болады. Егер сізге АТФБанкте қызмет көрсетілетін болса, оны берудің қажеті жоқ, менеджер оны жүйеден өз бетінше шығарады.


Әрине, стандартты құжаттарды өткізуден айналып кетуге болмайды, олар: жеке куәлік, ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (немесе құрылтай құжаттары), актуалды қаржылық есептілік, салық органынан бюджетке міндетті төлемдер бойынша қандайда да бір берешегінің болмауы немесе болуы туралы анықтама, басқа банктерде ашылған банктік шоттар, олар бойынша қозғалыстар туралы мәліметтер.


Сіздің өтінішіңізді қарау және овердрафт лимитін ресімдеу процедуралары шамамен үш күн уақытты алады. Сосын, овердрафтты қажет болған кез келген уақытта және бір күн ішінде алуға болады.


ШОБ кәсіпкерлері үшін овердрафт басқа кредиттеу түрлерімен салыстырғанда ең оңтайлысы, алайда, басқа банктік қарыздар сияқты ол да қаржылық тәртіптің қадағалануын талап етеді. 




Көрілген: 828    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.09.2019, 18:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31