Нарық

Өз кәсібін ашқысы келгендерге грант берілді

  • https://vechastana.kz/

    https://vechastana.kz/

Алматыда жыл басынан бері мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін ашу үшін 757 адам 583 мың теңге көлемінде грант алды. Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысы Назира Тоғызбаева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Онлайн брифинг барысында басқарма басшысы қала тұрғындарына жаңа мамандықтарды үйрету жүріп жатқанын жеткізді.

 

«Қысқа мерзімді курстар біліктілігін жоғалтқан немесе мамандығын өзгерткісі келетіндерге арналған. Алматының 34 оқу орнында 41 мамандық бойынша 1 мыңнан астам адам оқиды», деді спикер.

 

Сонымен қатар ол еңбек нарығында жас түлектердің бәсекеге қабілеттілік деңгейі төмен екенін атап өтті. Сондықтан қалада жастарға қажетті жұмыс дағдыларын алуға және жұмысқа бейімделуге көмектесуге бағытталған бірінші жұмыс жобасы іске қосылды. Жоба аясында еңбекке 116 адам тартылды.

 

«Осы жылы 757 алматылық 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грантқа ие болды. Яғни өз бизнесін жүзеге асыруға 583 мың теңге алды. Кәсіпкер болғысы келетіндер негізінен тігін, аспаз, маникюр, шаштараз және басқа да қызметтер бойынша жеке істерін аша алады», дейді Назира Тоғызбаева.

 

 

 




Көрілген: 747    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.08.2021, 19:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31