Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Өзбекстандықтар бес айда отанына 4 млрд доллардан астам ақша аударған

11 маусым 2022, 00:25

2022 жылдың бес айында Өзбекстанға аударылған ақша көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61%-ға артқан. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстанның Орталық банкіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Қаржы реттеушісінің мәліметінше, бес ай ішінде елге 4,19 млрд доллар сомасында трансшекаралық аударымдар түскен.

 

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,58 млрд долларға (61%) көп.

 

Валюта айырбастау операцияларының көрсеткіштері де күрт өскен.

 

2022 жылғы қаңтар-мамырда банктер халықтан 4,32 млрд долларға валюта сатып алған.

 

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 млрд долларға немесе 59%-ға артық.

 

Тек мамыр айының өзінде сатып алу көлемі 1,05 млрд долларды құрады.

 

Бұл ретте банктер халыққа 2,8 млрд доллар сатты.

 

Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,7 млрд долларға немесе 70%-ға көп.