Нарық

Өздігінен бас тартты: Үкімет неліктен қазақстандықтарға өтемақы төлемейтінін түсіндірді

  • Өздігінен бас тартты: Үкімет неліктен қазақстандықтарға өтемақы төлемейтінін түсіндірді

    Өздігінен бас тартты: Үкімет неліктен қазақстандықтарға өтемақы төлемейтінін түсіндірді

Қазақстанның ақпарат министрі Дәурен Абаев кейбір елдерге қарағанда Қазақстан барлық азаматтарға өтемақы төлемейтіндігін түсіндірді. Қазақстан үкіметі барлық халыққа бір жолғы төлем тиімсіз деп есептейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды 

"Біз халыққа бір жолғы төлем сияқты популистік шаралардан әдейі бас тарттық. Біз мұндай шара халық арасында неге танымал екенін түсінеміз. Бірақ оның әсері қысқа мерзімді, бұл жүйелік шара емес", - деп мәлімдеді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифингте.

Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарысқа қарсы тапсырмаларына түсініктеме бере отырып, үкімет міндеті - іскерлік белсенділікке серпін беру, бизнесті нығайту, жаңа жұмыс орындарын құру екенін түсіндірді.

"Кез келген дағдарыс - бұл жаңа мүмкіндіктер және дүкен сөрелерінде және сауда орындарында өзіміздің қазақстандық өнімдеріміздің үлесі еселенуі үшін біздің мақсатымыз. Бұл тек жұмыс орындарын құру ғана емес, тәуелсіз баға саясаты, мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларға деген тәуелділікті төмендету", - деді Абаев.

Үкімет таяу арада президенттің дағдарысқа қарсы тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі "Жол картасын" жария етеді. Министр атап өткендей, халықтан әлеуметтік қолдау бойынша көптеген сұрақтар келіп түсіп жатқанын, ол туралы Тоқаевтың жауап бергенін айтты.

"Айталық, қазір тұрғындар табыстан айырылған адамдарға төлем қалай алуға болатынын сұрайды. Рәсімделетін құжаттар қалай дайындалады? Мұның бәрі жақын арада әзірленеді. Кімге төлем жасау керек барлығын алады.

Оларды алу тәртібін әрқайсыңызға түсіндіреміз", - деді Абаев.




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.03.2020, 23:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31