Нарық

Өзге елдің нөмірімен жүрген көліктер қалай тіркеледі

  • © aikyn.kz

    © aikyn.kz

ІІМ әкімшілік полиция комитеті шетелдік нөмірлермен жүрген көліктерді онлайн тіркеудің тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Комитет төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда Ресей, Армения мен Қырғызстанның тіркеу нөмірлерімен жүрген автокөліктер көп. Ондай көліктердің нақты саны да белгісіз.


"Өкінішке қарай, біз ол көліктердің иесін және кімнің айдап жүргенін де білмейміз. Ал тіркеу жүйелері жол жүру ережесін бұзу фактісін тіркесе де, көлік иесін анықтай алмайды. Себебі камераға өзге елдің нөмірі түседі. Әкімшілік хаттаманы да толтыра алмаймыз", - деді Кеңісбаев арнайы баспасөз мәслихатында.


Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы осы санаттағы көліктердің иесі 40 мыңнан аса ереже бұзса, биыл алты айдың ішінде аталған көрсеткіш 42 мыңнан асқан.


Осыған байланысты шетелдік нөмірлермен жүрген көліктерді уақытша тіркеуді онлайн режимде енгізу бастамасы көтеріліп отыр.


"Аталған шара тегін жүргізіледі. Ешқандай құжат алудың қажеті жоқ. Біз көліктердің тіркелгенін өзіміздің ақпараттық базамызда көретін боламыз. Аталған деректер әрбір полицейдің планшетіне шығарылады. Осылайша, өзге елдің нөмірімен жүрген көліктер тіркеуге алынады. Соның арқасында жол қауіпсіздігін ғана емес, сан алуан қылмыстарды да анықтауға мүмкіндік болады", - деп атап көрсетті Кеңісбаев.


Осы бастаманың аясында кеден қызметі мен ішкі істер органдарының ақпараттық базаларын интеграциялау жоспарланып отыр. Осылайша, полицейлер Қазақстанға кірген көліктерді көріп отырады.


 




Көрілген: 2048    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.07.2019, 15:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31