Нарық

«Пандемия кезеңінде кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуді тоқтатуды сұраймын» - заңгер

  • «Пандемия кезеңінде кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуді тоқтатуды сұраймын» - заңгер

    «Пандемия кезеңінде кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуді тоқтатуды сұраймын» - заңгер

Бір қызығы, мұндай заң Италияда енгізілді.
Заігер Жангелді Сүлейменов коронавирустың өршуіне байланысты несиені өтеуді уақытша тоқтату туралы ұсыныс айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол өзінің Facebook-парақшасындағы жазбасында коронавирус індетінің етек жаюына байланысты Үкіметтен халыққа тиімді шараларды қабылдауды сұрайды.

"Пандемия - бұл форс-мажор, яғни бәріне өз міндеттерін тиісті түрде орындауға кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш", - деп есептейді заңгер және үкіметтен тиісті шаралар қабылдауды сұрайды. Атап айтқанда, Сулейманов:

Пандемия кезеңінде кредиттер бойынша пайыздарды есептеуді және негізгі борышты өтеуді тоқтату;

Мерзімі өткен төлемдер бойынша, оның ішінде салықтар бойынша өсімпұл есептеуді тоқтату;

Салықтарды және басқа төлемдерді төлеуді кейінге қалдыру;

Егер бұл пандемияға, оның ішінде мемлекеттік сатып алуға байланысты болса, міндеттерді бұзғаны үшін санкцияларды қолданбауды атап өтті.

"Пандемия өтеді, бірақ қазірдің өзінде көптеген компаниялар шығынға ұшырауда, оларға көмектесу керек. Оның үстіне вирус, доллар үшін 400 тг ауыр", - деп жазды ол.

Бір қызығы, мұндай заң Италияда енгізілді. Онда ипотекалық төлемдер тоқтатылды. Ал Польшада ел президенті банктерді азаматтар мен фирмалардың несиелерін өтеуді тоқтатуға шақырды. 




Көрілген: 744    Пікірлер: 0

сенбі, 14.03.2020, 18:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30