Нарық

Пандемия кезінде Қазақстандағы қай салаға инвесторлар қызығушылық танытты

  • Пандемия кезінде Қазақстандағы қай салаға инвесторлар қызығушылық танытты

    Пандемия кезінде Қазақстандағы қай салаға инвесторлар қызығушылық танытты

Шетелдік инвесторлар Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына жоғары өызығушылық танытып отыр. Бүгін елордада Жаһандық инвестициялар бойынша жыл сайынғы «дөңгелек үстел» отырысында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылық бар екенін көріп отырмыз. Сондықтан біздің портфельде ауыл шаруашылығы жобалар баршылық. Бұл заңды құбылыс, себебі Қазақстан әлемде ауыл шаруашылығы әлеуеті ең жоғары елдердің қатарында», - деді Мейіржан Юсупов. Оның айтуынша, коронавирусқа қатысты жағдай салдарынан осы салаға ерекше қызығушылық байқалып отыр. «Атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігіне орай осы салаға инфевсторлар елеулі мән беріп бере бастады», - деді деді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумында. Бұдан бұрын хабарланғандай, Мейіржан Юсупов Қазақстанда қай салаларға инвестиция салуға болатынын айтты. Сонымен қатар, инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Тәуелсіздік жылдарында елімізге 376 млрд доллар шетел инвестициясы тартылғанын атап өтті.

ҚазАқпарат




Көрілген: 622    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.12.2021, 17:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31