Нарық

Парламент үш жылға арналған бюджет туралы заң қабылдады

  • © Sputnik / Абзал Калиев

    © Sputnik / Абзал Калиев

Мәжіліс "2021 &ndash 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулерді мақұлдады. Заң президенттің қол қоюына жіберіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Бұған дейін сенат "2021 &ndash 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына 39 түзету енгізіп, мәжіліске кері қайтарған еді.

 

Атап айтқанда, республикалық бюджеттің шығыстары 2021 жылы 15,2 миллиард теңгеге және 2022 жылы 4,7 миллиард теңгеге ұлғайтылып отыр.

 

Шығыстарды қайта бөлу негізінде қосымша қаржы газдандыру, баспана құрылысы, инфрақұрылымдық және өзге де жобаларға бөлінеді.

 

"Сенат енгізген түзетулер 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлерін өзгертпейді. Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, қаржы және бюджет комитеті заң жобасын парламент сенаты енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісуді ұсынады", - деді қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Яковлева.

 

Осылайша парламент үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады. Құжат президентке жолданады.

 

 

 




Көрілген: 1168    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 13:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31