Нарық

Павлодарда ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттік сектордың әлеуметтік инновацияларын дамыту салаларындағы ынтымақтастығы талқыланды

  • Павлодарда ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттік сектордың әлеуметтік инновацияларын дамыту салаларындағы ынтымақтастығы талқыланды

    Павлодарда ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттік сектордың әлеуметтік инновацияларын дамыту салаларындағы ынтымақтастығы талқыланды

ASAR форумының екінші күні

Павлодарда «ASAR» ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты ынтымақтастығының ІІІ республикалық форумы жалғасуда. Пленарлық отырысқа Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин және Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қатысты.



Вице-министр Данияр Есин өз сөзінде ҮЕҰ, бизнес және мемлекет арасындағы ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктер ашатын форумның маңыздылығын атап өтті. Ол аймақтың ерекшелігі оның экологиялық бағыты екенін атап өтті және кәсіпорындарды қоршаған ортаны жақсарту жобаларын қолдауға шақырды.

«Республикада екі миллионға жуық кәсіпкер жұмыс істейді, олардың барлығы дерлік жұмыс орындарын ұсыну, әлеуметтік және зейнетақы жарналарын төлеу арқылы мемлекеттің әлеуметтік дамуына қатысады. Осылайша, бизнес Қазақстанда іс жүзінде 100% әлеуметтік бағдарланған. Сонымен бірге біз бизнес-қауымдастықтың әлеуетін, олардың әлеуметтік инновациялардың драйвері бола алатындығын көреміз. Мұнда азаматтық қоғам институттары олардың серіктесі бола алады. Жалпы, Қазақстанда ҮЕҰ-Бизнес-Мемлекет форматындағы әлеуметтік ынтымақтастық жұмыс істеп жатыр деп айтуға болады. Бүгінгі таңда мемлекет үшжақты ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті жағдайларды үнемі жетілдіріп отыруда. Бұл процеске Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы күшті серпін берді. Ол азаматтар, ҮЕҰ және кәсіпкерлердің бірігіп, жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге және ұлттық патриотизмді нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерінің негізгі құрамдас бөлігі болды», - деді Данияр Есин.

Вице-министр келесі «Асар» форумын үкіметтік емес ұйымдардың ұсынысы бойынша Түркістан, Жамбыл немесе Қызылорда облыстарының бірінде өткізу қарастырылып жатқанын хабарлады. Форумның тақырыбы мәдени құндылықтарды сақтай отырып, мәдениет пен өнер саласындағы азаматтық бастамаларды арттыруға арналады деп күтілуде.



Аймақтағы азаматтық қоғам институттарының дамуы туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов айтты. Әкімнің айтуы бойынша, биылғы жылы облыс үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған 1 млрд. теңгеге жобаларды жүзеге асыруда. Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарға ыңғайлы болу үшін 2018 жылы Азаматтық Альянс Үйі мен Еріктілер Үйі ашылды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтық қоғамның дамуына ерекше көңіл аударады. Оның жеке бастамасымен азаматтық қоғамның нәтижелі дамуы мақсатында «Қоғамдық сенімнің ұлттық кеңесі» құрылды. Бұл кеңестің құрылуы республикалық деңгейде ғана емес, сонымен қатар өңірлік деңгейлерде де азаматтық қоғаммен белсенді ықпалдасуға өз септігін тигізеді.

Өз кезегімізде Біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын ұсыныстарды қабылдауға ашықпыз және әрдайым оларды қолдауға әзірміз!», - деді Б.Бақауов.



Сондай-ақ, пленарлық отырысқа «Қазақстанның Азаматтық Альянсының» ЗТБ президенті Асылбек Қожахметов, «Атамекен» ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев, «Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, «SERPIN» Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы Мұрат Әбенов, 300-ге жуық ҮЕҰ және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыста үшжақты серіктестікті дамыту және оның механизмдері, әлеуметтік инвестициялық бағыттар парадигмасындағы іскерлік белсенділік, шағын отанды дамытуға бағытталған инвестициялар және тағы да басқа мәселелер талқыланды. Форум барысында ҮЕҰ-дың үздік әлеуметтік жобаларының тұсаукесері, сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Ұсынылған 144 жобаның ішінен 100-і үздік деп танылды.

Форум «ASAR activity» акциясымен аяқталады. Оның аясында форум қатысушылары республикалық «Бірге - таза Қазақстан» акциясына қосылып, Павлодар қаласының Жасыл технологиялар орталығының қоғамдық тәлімбағына барады.




Көрілген: 745    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 20:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30