Нарық

Полицияға көмектескен қазақстандық бір күнде миллионер болып шыға келді

  • © Photo: Goumbik

    © Photo: Goumbik

Банктің бұрынғы қызметкері туралы ақпарат берген қазақстандыққа 10 миллион теңге (26 мың долларға жуық) табысталды. Қауіпсіздік мақсатында миллионердің аты-жөні жарияланған жоқ.


Kaspi bank-тің бұрынғы қызметкері 21 шілде, жексенбі күні ұсталды. Алаяқты банктің қауіпсіздік қызметі мен Павлодар облысының полиция департаменті бірлесе қолға түсірді.


"Күдіктінің мекен-жайын анықтауға көмек көрсеткен тұрғынға Kaspi 10 миллион теңге көлеміндегі сыйақы берді. Қауіпсіздікті сақтау үшін миллионердің аты-жөні жарияланбайды", - деп хабарлады қаржы мекемесінің баспасөз қызметі.



11-12 шілдеде Павлодардағы полиция басқармасының орталық бөліміне алаяқтық фактісі бойынша 28 адам өтініш білдірген.


Алдын ала мәліметке сәйкес, банктің бұрынғы қызметкері кепілде тұрған мүлікті арзанға сатып алуға көмектесемін деп, зардап шегушілерді өз шотына қаржы аударуға көндірген. Кейін ізін суытты.


Kaspi bank банкпен барлық қаржы операциясы келісімшартпен бекітілетінін атап өтті. Мекеме еш уақытта ақшаны жеке адамның шотына аударуды талап етпейді.


 sputnik




Көрілген: 2439    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.07.2019, 16:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31