Нарық

Премьер-министр кімдердің жалақысы көтерілетінін айтты

  • https://edu.mcfr.kz/

    https://edu.mcfr.kz/

Үкімет басшысы Асқар Мамин биыл бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру шаралары жалғасатынын мәлімдеді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

"Қазіргі кезде 600 мың педагогтың еңбекақысын 25 процентке, ал 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын біліктілігіне қарай 20-дан 30 процентке дейін көтеру шаралары атқарылып жатыр", - деді Мамин үкіметтің кеңейтілген отырысында.

 

Асқар Мамин әлеуметтік сала жұмысшыларының жалақысы 50 процентке көтерілетінін айтты. Және осы шарамен 21 мың адам қамтылып отыр екен. Осылайша педагогтардың орташа жалақысы 253 мың теңгеге, медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 320 мың теңгеге, ал әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 180 мың теңгеге дейін көтеріледі. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы да көбейеді.

 

1 шілдеден бастап жергілікті атқарушы органдардың қызметтік жалақысы 1,9 есеге өсті. Ал орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2022 жылдың қаңтарынан бастап жыл сайын 30 процентке көтеріледі.  Бұл шара 2024 жылға дейін жалғасады. Осылайша мемлекеттік қызметшілердің орташа жалақысы 179 мың теңгеден 267 мың теңгеге дейін жоғарылайды. 

 

 

 




Көрілген: 1035    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 12:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30