Президент сынына іліккен «Зерде» тағы 116 млн теңгеге тендер жариялады

01 мамыр 2022, 22:31

22 сәуірде «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникация холдингі» АҚ санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің бағдарламалық өнімін жеткізушіні анықтау бойынша конкурстық рәсімдердің басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сервистік бағдарламалық өнімнің негізгі мақсаты – Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың мониторингін автоматтандыру екені айтылады. Қызметке тапсырыс беруші – Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, ұйымдастырушысы – «Зерде» холдингі. Жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденттерінен тыс компаниялардың арасынан ізделіп жатыр.

 

Алғашқы үш жылда «Санепидбақылау» жүйесіне сәйкесінше 116, 106 және 108 миллион теңге, кейін әр жылға 72 миллион теңгеден бөлінеді. Сонымен қатар, пайдаланушылардың «сезімтал деректері» (биометриялық деректер, денсаулық туралы ақпарат және т.б.) жеке секторға беріледі.

 

Өтінім 17 мамырдан бастап қабылданады.

 

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Қазақстанның мемлекеттік секторында ірі деректер қорынан (мысалы, жылжымайтын мүлік деректер базасы) шағынға дейін 400-ден астам осындай ақпараттық жүйелердің бар екені туралы айтқан болатын.

 

«Бізге «лоскутты» модельге өту керек. Халық үшін барынша оң нәтиеже қол жеткізуіміз керек», - деп атап өткен Мусин.

 

Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін Сбербанктен ресейлік платформаға көшіру жоспарланған болатын, бұл шамамен 500 миллион долларды құрайтын. Көптеген қазақстандық сарапшылар мен қолданушылар өздерінің деректерінің қауіпсіздігіне күмән келтіріп, биліктің таңдауын сынады. Мусин бұл шешімін Сбербанк платформасы ел үшін ең қолайлы және ҰҚК мен ақпараттық қауіпсіздік заңнамасының талаптарына жауап беретінімен түсіндірді.

 

Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін Сбер компаниялар тобы арқылы әзірлеу жоспарланған болатын. Бұл шамамен 500 миллион долларды құрайтын жоба. Көптеген қазақстандық сарапшылар мен қолданушылар өздерінің деректерінің қауіпсіздігіне күмән келтіріп, биліктің бұл жоспарына ашық қарсы шыққан. Мусин бұл шешімін Сбер платформасы ел үшін ең қолайлы және ҰҚК мен ақпараттық қауіпсіздік заңнамасының талаптарына жауап беретінімен түсіндірді.

 

Сәуір айының ортасында Цифрлық даму министрлігі Сбербен келісімнен бас тартты. Айта кетерлігі, 15 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «аса тиімді жұмыс істемейтін» Зерде холдингін реформалауды тапсырған болатын.