Нарық

Президенттік қолдау: Түркістандық табысы аз отбасыларға тегін азық-түлік себеттері беріле бастады

  • Президенттік қолдау: Түркістандық табысы аз отбасыларға тегін азық-түлік себеттері беріле бастады

    Президенттік қолдау: Түркістандық табысы аз отбасыларға тегін азық-түлік себеттері беріле бастады

Түркістан облысында табысы аз отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтамалар беріле бастады. Азық-түлік себеттері төтенше жағдай кезінде көпбалалы және мұқтаж жанұяларға айтарлықтай қолдау болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет тарапынан әлеуметтік топтама алған аналардың бірі - Мөлдір Өтегенова. Түркістан қаласында тұратын көпбалалы ананың алты перзенті бар. Бесеуі мектеп жасында болса, кенжесі төртте. Отағасы Ардақ Сердалиев бір мекеменің күзетшісі болып еңбек еткен. Алайда жұмыс орны жабылып қалған. Жанұяның тұрмыстық жағдайын ескерген облыс әкімдігі қиын-қыстау кезеңде тегін азық-түліктер жеткізіп берген. Мұндай қамқорлыққа отанасы дән ризашылығын білдірді. «Бізге әкелген азық-түліктердің ішінде макарон, тәттілер,сүт пен май сияқты ең қажетті тағамдар бар. Балалар көп болған соң, тамақ та көбірек керек. Өйткені қазір барлығы үйде болғандықтан үш мезгіл тамақ жасауым керек. Осындай қиындықтар кезінде бізге азық-түлік жеткізіп берген билік басындағы азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Мен сияқты көпбалалы аналарға бұл үлкен көмек»,- дейді Мөлдір Өтегенова. Дәл осындай азық-түлік себетін түркістандық ана Фарагат Арипова да алған. 32 жастағы келіншектің үш перзенті бар. Тұңғышы 11 жаста болса, кенжесі 4-ке енді толған. Отанасы тағы төртіншісіне аяғы ауыр. Күйеуі уақытша көлікпен жолаушы тасымалдап табыс тауып жүрген. Алайда төтенше жағдай кезінде оған көшеге шығуға шектеу қойылып отыр. Сондықтан жанұяның тұрмыс жағдайы қиындады. «Менің денсаулығым жұмыс істеуге жарамайды. Бауырым ауырады, есепке алынғанмын. Күйеуімнің де тұрақты жұмысы жоқ. Балалардың бір ғана жәрдемақысына өмір сүру қиын болып кетті. Ал, мемлекет тарапынан азық-түліктердің берілуі бізге көп көмек болып отыр»,- дейді үш баланың анасы. Түркістандық жалғызбасты ана Севара Әбдрасилова да бала күтімімен үйінде отыр. Себебі, кенжесі небәрі тоғыз айлық. Басында баспанасы жоқ келіншек бүгінде ата-анасының үйін паналаған. Пәтер жалдап тұруға тұрмыстық жағдайы мүмкіндік бермейді. Осыны ескерген жергілікті әкімдік бұл отбасыға да тегін азық-түлік себетін жеткізіп берген. «Тұңғышым биыл төрт жасқа толды. Балаларымның бәрі кішкентай болған соң, жұмысқа да шыға алмаймын. Ата-анаммен тұрғаныммен олардың да балалары көп. Тапқан табыстары өздерінен артылмайды. Қазір карантин кезінде тіпті жағдайымыз қиындап кетті. Ал, мемлекет тарапынан берілген азық-түліктер бізге демеу болып отыр. Балаларыммен бірге біраз уақытқа жетеді»,- дейді Севара Әбдрасилова. 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.04.2020, 18:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31