Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Путиннің жарлығы жария бола салысымен, Brent мұнайының бағасы шарықтап шыға келді

28 желтоқсан 2022, 09:47

Лондондағы ICE Futures биржасында ақпан айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бір баррельге белгіленген құны 1,86 пайызға, яғни 85,48 долларға дейін өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.


Мұнай бағасы Владимир Путиннің Ресей мұнайының бағасына шекті деңгей енгізілуіне байланысты жауап ретінде қарсы шаралар бекіту туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабардан кейін өсе бастаған, деп хабарлайды РБК. 

Жарлыққа сәйкес,  шетелдік азаматтар мен компанияларға егер келісімшарттарда "шекті бағаны белгілеу тетігін пайдалану тікелей немесе жанама түрде көзделсе" ресейлік мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуге тыйым салынады.

Мұнайды жеткізуге салынған тыйым осы жарлық күшіне енген сәттен бастап, яғни 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өз күшінде болады.

Мұндай шешім "АҚШ пен оған етене жақын шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың достыққа жатпайтын және халықаралық құқыққа қайшы әрекеттеріне" байланысты қабылданғаны атап өтілген.