Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

QazaqGaz компаниясынан 937 млрд теңгеден астам қаржылық заң бұзу деректері анықталды

06 маусым 2022, 15:49

QazaqGaz компаниясында қордаланған мәселе көп. Бұл туралы аталған компанияның басқарма төрағасы Санжар Жаркешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Үкіметінің шешімімен «ҚазТрансГаз» «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіріп, «ұлттық компания» мәртебесіне ие болып, портфельдік компаниясына айналды, сондай-ақ «QazaqGaz» деп аталды. Компания «Жаңарған QazaqGaz» көзқарасын қалыптастырып, жұмыстың барлық салаларында толық көлемде жаңартуды бастады. Мемлекет басшысының толық аудит ұйымдастыру және компания қызметінде транспаренттілікті қамтамасыз ету туралы тапсырмаларына сәйкес, нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде 937 млрд теңгеден астам сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық заң бұзу деректері табылды. Оның ішінен 123 млрд теңгесіне қатысты қаржылық заң бұзу жағдайлары дәлелденді. Барлығын ашық айтуға дайынбыз. Проблема көп, шешуге тырысып жатырмыз», - деді С. Жаркешов Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, компанияның барлық стратегиялық жобалары бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді.

«Газбен жабдықтау нарығының барлық қатысушыларының күшін біріктіруге, сенімді серіктес қалыптастыруға бағытталған QazaqGaz даму стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді басқарма төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы болуы мүмкін. Ел ішінде газ тұтыну көлемі тұрақты түрде өсіп келеді.

ҚазАқпарат.