QazaqGaz ҰК басшысы міндетін атқарушы тағайындалды

24 қаңтар 2022, 12:31

QazaqGaz АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ибулла Серді тағайындалды. Бұл туралы мәлімет Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"QazaqGaz АҚ KASE-ге директорлар кеңесінің 14 қаңтардағы шешімімен 2022 жылы компания басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:

 

- Шәріпбаев Қ.Қ. басқарма төрағасы қызметінен босатылды;

 

- Серді И.Ж. басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

 

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, QazaqGaz АҚ басқармасы жеті адамнан тұрады: Серді И.Ж., Сүлейманов Р.Э., Жанұзақ Т.Ж., Абайылданов Б.К., Хван В.Б., Сәйтиев А.Б., Абдуллин Р.С.", - делінген хабарламада.

 

Бұған дейін Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz ҰК басқарма төрағасы қызметінен кеткені хабарланды.