Нарық

"Рахат" кондитерлік фабрикасының жұмысы тоқтатылды

  • "Рахат" кондитерлік фабрикасының жұмысы тоқтатылды

Фабриканың 1 450 қызметкері тест тапсырған, нәтижесінде коронавирус жұқтырған, бірақ ауру белгілері жоқ науқастар анықталды. "Рахат" кондитерлік фабрикасы жұмысын уақытша тоқтатты, өйткені кәсіпорын қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырғандар анықталды, деп хабарлады Алматы әкімдігі.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың анықталуына байланысты "Рахат" кондитерлік фабрикасының жұмысы тоқтатылғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Әуелі температурасы жоғары сегіз адамды жұмысқа кіргізбеген. Одан кейін қызметкерлерді жаппай тестіден өткізе бастайды, жалпы 1 450 адамды тексерген.

"Инфекция жұқтырғандардың көпшілігінде ауру белгілері жоқ", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Кәсіпорын қызметкерлері үй карантиніне жіберілген.

"Фабрика әкімшілігі жұмысты 15 маусымға дейін тоқтату шешімін шығарды", - деп қосты әкімдіктегілер.

Фабрика жұмысын эпидемияға қарсы іс-шараларды толық өткізгенше дейін уақытша тоқтату туралы қаулы берілген.

Айта кетсек, Алматыда Көк базардың 23 маусымға дейін жабылғаны белгілі болды. 20 адамнан коронавирус инфекциясы табылған, сатушылар арасында дертке шалдыққандар жоқ, тек базар әкімшілігі қызметкерлері арасында анықталды.

Базар әкімшілігі ұйымдастыру бөлімінің қызметкері көз жұмды. Әзірге бұл жағдай COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандардың ресми статистикасына енгізілген жоқ. 




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

сенбі, 13.06.2020, 21:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31