Нарық

Ресей Байқоңырды жалға алуды тоқтата ма – министрліктің жауабы

  • Ресей Байқоңырды жалға алуды тоқтата ма – министрліктің жауабы

    Ресей Байқоңырды жалға алуды тоқтата ма – министрліктің жауабы

Байқоңыр қаласын жалға беруден кезең-кезеңмен шығу мәселесі қазақстандық тараптың күн тәртібінде тұр. Қазақстан мен Ресей Байқоңыр қаласын Қазақстанның құзыретіне беру мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы бүгін цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.




Сенаторлар ракета ұшырылатын алаңдарды ғана Ресей үкіметіне жалға беруді қалдырып, Байқоңыр қаласын Қазақстанның құзыретіне беру керек екенін айтты. Осыған қатысты цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің пікірі қандай екенін сұрады.


"Бұл мәселе үкіметаралық комиссияның тұрақты бақылауында. Қаланы жалға беруден кезең-кезеңмен шығу мәселесі қазақстандық тараптың күн тәртібінде тұр. Қазір мемлекеттік органдар арасында мұқият талқылап жатырмыз", - деді Нұрғожин сенаттың жалпы отырысында.


Ол Роскосмос басшылығымен бұл мәселе ауызша тәртіпте талқыланғанын атап өтті.


"Оңай шешіле салатын дүние емес, жан-жақты талқыға салып, артық-кем тұстарын қарастыруымыз керек", - деді Нұрғожин.


Айта кетсек, бүгін сенат мәжіліс мақұлдаған "1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңды қабылдады.




Көрілген: 991    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.04.2019, 15:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30