Нарық

Ресей экономикасы күн сайын төмендеп барады, біздің күніміз не болады?

  • ©Алаш айнасы иллюстрациясы

    ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Ресей экономикасы күн сайын ауыр жағдайды бастан кешіруде. Кеше халықаралық рейтингі агенттігі Standard & Poor's тура осындай мәліметтерді алға тартты.
Жұма күні Мәскеу қор биржасында бір доллар 42 рубль, евро ал евро 52,9065 рубль болды. Артынша Ресейдің орталық банкі бір долларды 41,8101 рубль деңгейінде ғана ұстап тұра алатындарын мәлім етті. Осыдан кейін Standard & Poor's агенттігі Ресей экономикасының қазіргі жағдайын ВВВ-рейтинг сатысында деп танып, «ең төменгі жағымсыз деңгей» деген баға берді.
Білесіздер, бұған дейін рубльдің құнсыздануына қатысты сөз еткенде еліміздің Ұлттық банкі «Доллар бағамының 39-40 рубль болуы аса қорқыныш емес. Мәскеу қор биржасында бір доллар 42 рубль болғанда қауіптенуге болады» дегенді алға тартқан болатын. Ал жұма күні бізге сол қауіптің шеті көрінді. 25 қазан күні таңертеңгі сессияда Ресей қор биржасында бір доллар 42 рубльге дейін қымбаттап, рубль өз құнын жоғалта түсті. Артынша кешкісін Ресей орталық банкі бір долларды 41, 8001 деңгейінде ұстап тұра алатындарын мәлім етті.
Негізінен ресейлік сарапшылардың дерегі бойынша, орталық банк рубльді қолдау үшін тек қана 9-10 қазан аралығында 454,2 миллиард АҚШ долларын жұмсаған. Ал жұма күні Ресей орталық банкі рублді қолдау үшін тағы осынша қаржы жұмсауға мәжбүр болды. Ресей сарапшылары бұған қоса әлемдік нарықта мұнай бағасының да түсіп бара жатқанына, қараша айына арналған биржалық келісімшарт бойынша Brent маркалы мұнай баррелі 91 АҚШ доллары болып саудаланғанына қатты алаңдауда. Рубльдің бұлайша құнсыздануы қатысты халықаралық Экономикалық даму орталығының сарапшылары «Әлемдік нарықта мұнайдың бағасының құбылуы, Ресейден сыртқа жылыстайтын капитал қазіргі қарқыны азаймаса, 2014 жылдың соңына таман рубль тағы да 30 пайызға түседі» деп отыр. Ал кеше Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов Ресей үкіметіне «2015-2016 жылдарға арналған қосалқы ел бюджетін жасау керек» деген ұсыныс айтты.

Жалпы, экономикалық сарапшылардың дені Ресейдегі ахуалдың Қазақстанға әсер етпей қоймайтынын, сондықтан бізге де кез келген жайтқа қатысты сақтану шараларын қарастыру керектігін айтудай-ақ айтып келеді. Алаш айнасына пікір білдірген отандық сарапшылардың қайсыбірі «мынадай алмағайып заманда үш жылдық бюджет жобасын қайтадан, бір жылдық бюджетті жоспарлауға түсіру керек» деп те отыр.
Жаңабай Алдабергенов, экономист-ғалым:
- Нақ осы мәселені қазір біздің Үкімет те қызу талқыға салуда. Дегенмен, әзірге бұл қадамды Ұлттық экономика министрлігі құптамай отырған көрінеді. Өздеріңіз білесіздер, жұма күні сенаторлар, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрліктері Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасын қабылдады. Жаңа тұжырымдама бойынша ендігі кезекте жергілікті әкімдерден бұрынғыдай әлеуметтік-экономикалық даму болжауын жасап отыру талап етілмейді. Осылайша аудан-аймақ әкімдерінен стратегиялық жоспар даярлау талап етілмейтін болып отыр. Бірақ нақ осы аймақ басшыларының бюджетаралық қатынасқа көңілдері толмайтыны сол арада айтылды. Мысалы, бюджеттен алып бір салаға қаржы салу деген бар. Міне, қазірде әкімдер сол бюджеттік алымдарды үш жылға емес, жеке-жеке әр жылға белгілеуді ұсынып отыр. Бірақ бұған қатысты Ұлттық экономика министрлігінің өзінің айтар уәжі бар. Аталмыш министрлік «үш жылдық емес, бір жылдыққа көшу» мәселесі бойынша аймақтардың көпшілігін қолданыстағысы үш жылдық бюджет қанағаттандырады. Біз де осы ұстанымға тоқтадық» дейді. Дегенмен, Ресейдің өзі қазір 2015-2016 жылдарға арналған қосалқы бюджет түрін жоспарлауды ойластыруда. Мынадай құбылмалы заманда үш жылдық экономиканы болжаудың өзі өте қиын. Өткенде мұнай бағасы түскенде атқарушы биліктегілердің біразы «біз тоғыз айдың қортындысы шыққаннан кейін ғана есептеп, қанша пайда, қанша шығын көретінімізді нақты айта аламыз. Бір айдың есебімен болжам жасау қиын» деді. Бюджетті жоспарлағанда да осыны ойлау керек тәрізді. Қазір әлемдік экономикада қалыптасқан жағдайға қарап бірқатар елдер бюджетін қайта түзуде. Бізде де өткенде талқылаулар барысында депутаттар тарапынан салыстырмалы кестеге 120 ұсыныс енгізілді. Бюджеттің шығыс бөлігіне 350 млрд теңгегенің өзгерістерін енгізді. Мұның барлығы қосымша шығын. Сондықтан бізге үш жылдық бюджеттен гөрі қалыптасқан экономикалық жағдайға қатысты бір жылдық бюджетке қайта көшкен жөн.
Мейрам Қабдрахманұлы, экономист-сарапшы:
- Біз үш жылдық бюджеттің тиімділігін әлі күнге дейін сезіне алмай отырмыз. Осы жүйеге енерде белгілі азаматтар «үш жылдық бюджет жайбасарлыққа жол бермейді, қайта, ол дұрыс жоспарланса, түрленуге де бейім тұрады» деген болатын. Бірақ қазіргі жағдайда біз оның мүмкіндіктерін еш көре алмай келеміз. Мысалы, қазына қаржысы жыл сайын нақтыланып, оның параметрлері бір жылға бекітіледі де, қалғанын халық қалаулылары тек индикативтік яғни үлгі нобай түрінде қабылдайды. Бұдан барып келер жылдың бюджеті бір-біріне сәйкес келмей жатады. Кейбір бағдарламалардың орындалуына қатысты күтпеген орынсыз, жайсыз жағдайлар орын алып жатады. Бұл бағдарламаның сапалы шегіне жетуіне кері әсер етеді. Ресейдегі ахуалды, әлемдік мұнай бағасының түсіп жатқанын, жалпы әлемдік экономиканың құбылып тұрғанын ескерсек, бізге бір жылдық бюджет жобасын қайта қарастыру қажет. Бұл қандайда бір жағдайдың алдын алу үшін, сақтық шараларын қарастыру үшін керек. Қазіргі ахуалмен салыстырғанда индикативтік яғни үлгі нобай ретінде үш жылға жоспар жасауға болмайды. Себебі Ресей экономикасы күн санап емес, сағат санап төмендеп барады. Ал Ресей экономикасының құзға құлауы Ресеймен ең ірі сауда-әріптестік қарым-қатынас орнатып ел ретінде бізге қауіп. Мұны жасырудың еш қажеті жоқ.

Автор: Қарлығаш Зарыққанқызы




Көрілген: 2894    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.10.2014, 13:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді
    20 Желтоқсан 2021
    Қош бол, касса аппараты!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31