Нарық

Ресей Еуропаға газ жеткізуді арттыруы мүмкін

  • Ресей Еуропаға газ жеткізуді арттыруы мүмкін

    Ресей Еуропаға газ жеткізуді арттыруы мүмкін

Америкалық сұйылтылған табиғи газды сатушылар 2018-2019 жылдар аралығында еуропалық нарыққа белсенді түрде мойын бұрды. Әлемдік БАҚ барлық жетекші нарықтағы жаһандық энергетикалық дағдарыс жағдайында Еуроодақ өзінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде тек өзіне ғана сенуіне мәжбүр екенін жазып жатыр, деп хабарлады РИА Новости.

Бұл жағдай америкалықтар "аса қажет" деп жиі атаған тақтатасты революцияның құрдымға кеткенін білдіріп отыр. Осы ахуалға әділ баға беру үшін "Солтүстік ағын – 2" газ құбыры үшін талас басталған алғашқы минуттан-ақ белгілі болған сандарға тоқталайық.


© SPUTNIK / ИЛЬЯ ПИТАЛЕВ
"Солтүстік ағын – 2" құрылысы аяқталды
Америкалық сұйылтылған табиғи газды сатушылар 2018-2019 жылдар аралығында еуропалық нарыққа белсенді түрде мойын бұрды. АҚШ-тағы сұйылтылған газ өндірісі бірден жүз миллиардқа өсіп, 840 миллиард текше мметрді құрады. 2018 жылдың күзіне дейін АҚШ-тан Еуропаға газ экспорты статистикалық ала-құлалық деңгейінде болды. Бірақ сол жылдың қыркүйегінде АҚШ президенті Дональд Трамп өз табандылығының арқасында Еуропа комиссиясының сол шақтағы төрағасы Жан-Клод Юнкерді экспорттаушыларға жеңілдік жағдайын қарастырып, жеткізулерге рұқсат беруге көндірді.

Жеткізулер көлемі маусымдағы аздаған 250 миллионнан желтоқсанда бірден бір жарым миллиард деңгейіне бір-ақ шықты. Дәл осы кезеңде ресейлік және шетелдік баспасөзде түрлі сарапшылар Ресей экспорты мен "Солтүстік ағын – 2" газ құбырының көп ұзамай құрдымға кететіні туралы пікірі өте жиі айтылды.

Сол кезде бәріне осы болжам дәл келетіндей көрінді. Бір жылдан кейін, 2019 жылдың желтоқсанында, АҚШ-та өндірілген сұйылтылған табиғи газ экспорты тарихи жоғары көрсеткішке жетіп, үш миллиард текше метрден асып түсті. Еуропаның сұйылтылған табиғи газ нарығындағы Американың үлесі 16 процентті құрады, яғни, бір жыл ішінде екі есеге ұлғайды.

Газ тасымалдаушылар мұхит арасында тынымсыз жүріп, Испаниядағы Картахена мен Финляндиядағы Торнио Манга аралығындағы терминалдарға газ жеткізіп тұрды. Ұлыбритания, Испания, Польша мен Португалия америкалық отын кепілдемесінің басты сатып алушыларына айналды.

Бір айта кетері, бұл Еуроодақтағы жалпы тұтынуға емес, тек сұйылтылған газға қатысты.

Содан кейін әлем нарығына коронавирус әсер етіп, барлығы тұралап қалды. 2020 жылдың бірінші тоқсанында-ақ АҚШ-тан келетін жеткізулер үш есе бәсеңдеп, рекордтық деңгейге қайта жете алмады. Қазір америкалық БАҚ-тағы жазбаларға зер салсақ, рекордқа қайта қол жеткізуге Вашингтонның өзі де сенбейтін секілді.

Пандемияның біршама беті қайтып, шектеулер бәсеңдеген шақта әлем экономикасы, әсіресе, өнеркәсібі дамыған елдер өндіріс қарқынын қалпына келтіруге кірісе кетті. Сол кезде саясат пен көмек көрсетуге берілген уәде мен еркін нарық екеуі екі түрлі ұғым екені белгілі болды.


© SPUTNIK / АЛЕКСЕЙ ВИТВИЦКИЙ
Еуропа Ресей газынан бас тарта ала ма – сарапшымен сұхбат
 

2020 жылы Америка зауыттарында өндірілген рекордтық 914 миллиард текше метр газ сол елде қалып қойды немесе Азия-Тынық мұхиты өңіріне жөнелтілді. Жалпы Азия-Тынық мұхиты өңірі бұл мәселеде тиімді болып отыр. Өйткені бұл аймақта табиғи газ бағасы о бастан қымбат. Ал АҚШ үкіметі сұйылтылған табиғи газ саудасымен айналыспайтын болғандықтан, жеке саудагерлер кепілдендірілген және жоғары табысқа көз тігеді.

Еуропа саясаткерлері Азия-Тынық мұхиты өңірі жалпы халық саны бес миллиард адамнан асатын 58 елді қамтитынын ескермесе керек. Оның үстіне, бұл аймақта кез келген энергия ресурсын жұтып қоюға дайын Қытай бар. International Energy Agency мәліметі бойынша, осы жылы Бейжің сұйылтылған табиғи газ сатып алу деңгейін екі есе арттырды. Нәтижесінде әлем бойынша сұйылтылған газ өндіретін зауыттардың барлығы өндіріс көлемін 40 процентке ұлғайтты.

Бүкіл Еуроодақ жылына 394 миллиард текше метр көгілдір отын тұтынады. Ал Қытайда бұл көрсеткіш 330 миллиардты қамтып отыр. Бұл аталған екі нарықтың біріншісі тұрақты, бірқалыпты ұлғайып жатса, екінші күннен-күнге қарқынды өсіп жатыр. Дәл осы биржаларда текше метр, гигакалорий мен термальді бірліктер үшін Үндістан, Сингапур мен Жапониядағы сатып алушылар да таласып жатқанын ұмытпау керек.

Дәл осы себепті Еуропада мың текше метр газ үшін баға көзге де, қалтаға да ұнамды 320 доллар шегінде болған шақта, көгілдір отын Азия-Тынық мұхиты өңірінде 700 доллардан сатылып жатты.

Бүгінде америкалық басылымдар өткен жылмен салыстырғанда елдегі жерасты қоймалары Еуропадағыдай толық толтырылмағанын, ал генерация бағасы аспандап кеткенін және бұл халықтың электр энергиясын тұтыну есебіндегі бағаның көтерілуіне алып келетінін жазуда.

Осылайша Вашингтон өзінің ішкі проблемаларын реттеу және Азиядағы өз үлесін ұстап қалуға тырысу арқылы Ресейге еуропалық нарыққа жол ашып отыр. Бұл Еуроодақ индустриясының энергетикалық қауіпсіздігі мен қалпына келуіне кепілдік беретін газ құрбы арқылы жеткізулердің еш баламасы жоқ екенін де айшықтап тұр.




Көрілген: 617    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.10.2021, 13:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31