Нарық

Ресеймен шекаралас ауылдар депутаттардың алаңдаушылығын туғызды

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Ресеймен шектесетін шалғайдағы ауыл-аймақтардың проблемасын көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"ЕАЭО-ның басты қағидатының бірі – тауарлар мен капиталдың еркін айналымы. Өкінішке қарай, аталған қағидат толық іске аспай отыр. Соның ішінде Ресеймен шекаралас аймақта орналасқан шалғайдағы ауылдардың тұрмысына кері әсерін тигізуде", - дейді Еңсегенов сенаттың жалпы отырысында.


Оның айтуынша, бүгінде елдің батысындағы кәсіпкерлер көршілес Астрахан облысына шыға алмай отыр, тауарларын өткізе алмай қиналуда. Шекаралас аймақтардағы еркін сауда айналымының мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатса да, әлі шешімін таппаған.


"Бұл сол жердегі кәсіпкерліктің дамуына, азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне кері әсерін тигізіп отыр. Экономикаға кері әсерін тигізіп отырған мұндай өткізу пунктері елдің батысында ғана емес, басқа да өңірлерінде бар", - дейді сенатор.


Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек шекарадағы өткізу пунктерінің мәселесі үкіметаралық комиссияларға жыл сайын шығарылатынын атап өтті.


"Әртүрлі мәселе бар, ресейлік әріптестермен екі жыл бойы келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл, негізінен, Ресей шекара органдарының мәселесі. Бір жағынан қаржы, екіншіден штат жағы проблема болып тұр. Қазір, шынын айту керек, мәселенің шешімі жоқ, сондықтан үкіметаралық комиссияға қайтадан шығарамыз", - деді ол.


Осы кезде сенат төрайымы Дариға Назарбаева неге шешім жоқ екенін сұрады.


"Ресей шекарашылары өздерінің өткізу пунктерін ашпай жатыр. Бір жағынан, қаражат, штат мәселесі бар. Біздің түсінігіміз кішкене басқаша", - деді Қасымбек.


 




Көрілген: 1250    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 15:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30