Нарық

"Резервте 90 миллиард доллар бар": Президент экономикалық дағдарыс туралы

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Қазақстанның халықаралық резервтері 90 миллиард долларға жетті. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Біз коронавирустың жаһандық экономикаға аса қатты әсер етіп тұрғанына куәміз. Шын мәнінде, әлемнің барлық экономикалық жүйесін қайта форматтау туралы сөз болып отыр. Қазақстан осы үлкен дағдарыстың әсерін бастан кешіп жатыр. Алайда осы экономикалық катаклизмдерге қарамастан, біз әлеуметтік шиеленіс пен жұмыссыздыққа жол бермеу үшін барлық қажетті шараны қабылдаймыз", - деді Тоқаев.

 

Президенттің айтуынша, Қазақстанның халықаралық резервтері шамамен 90 миллиард долларға жетті. Бұл қаражат – экономикалық тұрақтылықтың негізі. Соның есебінен мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттерін атқаратын болады.

 

"Біз бюджет қаржысын жұмыспен қамту мен бизнесті дамыту жағынан нақты нәтиже беретін бағыттарға жұмсайтын боламыз. Отандық кәсіпкерлерді қолдау мен жаңа жұмыс орындарын құруға кем дегенде 300 миллиард теңге бөлінеді. Бизнесті кредиттеу деңгейін төмендетуге болмайды. Сондықтан ішкі нарықты толтырып, өндірісті ынталандыру үшін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын қаржыландыру көлемі артады", - деп атап көрсетті Тоқаев.

 

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда бағаны алып-сатарлық әдіспен көтеруге жол берілмейтінін жеткізді. Осы орайда президент барлық әкімге баға мәселесін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

 

 




Көрілген: 255    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 19:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30