Нарық

Риелторсыз баспана алу қиындап кетті

  • https://iz.ru/

    https://iz.ru/

Бүгінде риелторсыз баспана таба алмайсыз. Әрі олардың қызмет ақысы, баспана бағасымен бірге шарықтапты. Мегаполистерде 350 мың теңгеден басталады. Ел ішінде ресми тіркеліп, заңды жұмыс істеп жүрген риелторлық компаниялардың саны 60. Ал, бейресмиі 4 мыңға жуықтаған.

 

Елімізде  соңғы жылдары жылжымайтын мүлікті делдалсыз ала алмайтын болдық, тіпті пәтер жалдау үшін де олардың көмегіне жүгінеміз. Жаңа тілмен айтқанда, риелтор дейміз.

 

Бұл қызмет түрі қалтасы толғандарға және жұмыс барысымен уақыты шектеулі азаматтарға таптырмас көмек қолы. Қызмет құны да айтарлықтай қомақты.

 

Мәселен, орта есеппен, риелтор қызмет ақысы Нұр-Сұлтанда 300 мың тг, Алматыда 350 мың тенгеден басталса, басқа өңірлерде 200 мың тенгені құрайды.

 

Ал, мұндай қаржыны қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. Елорда тұрғыны , риелтор пәтер сатушымен кездестіріп, үйді көрсеткені үшін 350 мың тенге сұрады дейді. Жылжымайтын мүлікті сатуға арналған сайттардағы барлық жарнамаларды сатып алып, қызметтеріне қомақты қаржы талап ететіндеріне ашынады.

 

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

– Жақында ғана пәтер алдым, бағасы миға қонымсыз. Қасымда шығарып салушы болып жүргеніне 350 мын алды.

 

Сайттан Пәтерді жалға алатын болсаңыз да, делдалға пәтердің 20 пайызын бересіз. Сатып алатын болсаңыз немесе сататын болсаңыз пәтердің жалпы құнынан 3 пайызын риелторға төтейсіз.

 

Сонымен қатар, кейбір компаниялар сатушы мен сатып алушыдан да ақша талап етеді. Бұл жағдайда, мәселен, елордадағы баға бойынша есептеп көрсек, бір баспананы сатқаны үшін делдалдық компанияға 600 мың теңге табыс түседі.  

 

Нұрсұлтан САПАХОВ, РИЕЛТОР:

 

– Ең бірінші сатып алушыға жақсы пәтер тауып беру және толығымен сделканы сопроваждать ету. Комиссияны көбінесе сатып алушы төлейді.  

 

Қауымдастығы елдегі риелторларды аттестациялаудан өткізіп, сауаттандыруды басты мақсат еткен. Осыған орай, тіпті риелторлық академия да ашылыпты.

 

Орынбасар САТАЕВ, ҚР БІРІККЕН РИЕЛТОРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

 

– Бұл саланы үкімет заңмен қарап отқан жоқ.  Сондықтан клиенттер, тұрғындар оқудан өтпеген білімсіз жаңа риелторларға тап болса қателесуі мүмкін. Осындай жағдайда черный риелтор деп шығады. Негізі оның білімі төмендеу, ол риелторларды оқыту керек.

 

Қауымдастықтың мәліметінше, елде ресми тіркеліп, заңды жұмыс істеп жүрген риелторлық компаниялардың саны бар-жоғы 60 қана. Ал, бейресми 4 мыңға жуық компания бар көрінеді.  

 

Олардың қызметті соңғы 4-5 жылда қарқынды дамып келеді. Әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалаларында үлкен сұранысқа ие.

 

Мамандар кеңесі: алданып қалмау үшін, риелтордан міндетті түрде лицензия сұраған жөн.

 

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 779    Пікірлер: 0

жұма, 10.09.2021, 18:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31