Нарық

Сақ болыңыз: Банк картасымен төлем жүргізгенде даяшылар ақшаңызды ұрлауы мүмкін

  • Сақ болыңыз: Банк картасымен төлем жүргізгенде даяшылар ақшаңызды ұрлауы мүмкін

    Сақ болыңыз: Банк картасымен төлем жүргізгенде даяшылар ақшаңызды ұрлауы мүмкін

Елімізде банк карталарынан ақша ұрлайтын алаяқтар көбейген. Биылдың өзінде бас қалада осындай 40 қылмыс тіркеліпті. Полицейлердің айтуынша жұрттың қаражатын қолды қылатындардың басым бөлігі мейрамханалар мен дәмханаларда жұмыс істейтін даяшылар екен. Олар көп мәліметті білмей-ақ әп-сәтте төлем картасындағы бүкіл қаржатты сыпырып алады екен. Ал қауіптен қалай қорғануға болады?


22 жастағы елордалық даяшы таяуда мейрамхана мейманын сан соқтырды. Қонақ шотын жаппақ болып, оған банк картасын бергенде артқы жағындағы CVI-код пен алдыңғы бөлігіндегі нөмірді жазып алған. Артынша, ақшаны шешіп өз шотына салыпты. Алайда, бұл тек бір ғана оқиға, деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».


«Тауар көңілімнен шықпай, сауда үйіне қайта өткізуіме тура келді. Осы уақытта сауда орталығының қызметкері картамның екі жағының көшірмесін жасап алды. Бірнеше күннен кейін ақшамның біразы жоқ болып кетті. Оны байқап, үстерінен шағым жаздым. Бірақ елеусіз қалды. Кейін тағы бір жағдай болды. Телефон арқылы алдап, алаяқтар CVI кодымды біліп алмақшы болды. Бірден тұтқаны тастай салдым», - дейді қала тұрғыны Тоғжан Исабекова.


Тағы бір қала тұрғыны досының басынан өткен жағдайдан соң сабақ алғанын айтады. Оның сөзінше, жолдасы киімге тапсырыс беру үшін дүкен сайтына CVI кодын жазыпты. Осылайша, код қолына түскен соң әккі алаяқ әдеттегі әрекетіне көшіпті. Карта иесі байқамау үшін ақшаны бірден шешпей, онлайн тапсырыстарға ақырындап жұмсап отырған. Содан бері онлайн төлемнен бас тартып, бұғаттап тастадым, дейді куәгер.


Сонымен, алаяқтар CVI код арқылы қалың жұрттың ақшасын қалай шешіп жүр? Банк өкілінің айтуынша, картаның артындағы және алдындағы нөмірлерді жазып алған адам өзінің жеке шотына қажетті соманы тез аударады. Қылмысы әшкереленбес үшін өзге де шоттары болуы мүмкін, дейді. Ал адамдар көбінесе жалған сайттарға өздері туралы ақпарат тастап, ұрыларға ұрынады екен.


«Мейрамхана, дүкендерде төлем картасы арқылы төлем жасау кезінде кассирдің немесе дүкеншінің қызметақсын тура көз алданда алғанын қарауыңыз керек. Өйткені басқа жаққа алып кеткен жағдайда, банктің төлем картасының алдыңғы және артқы бөлігіндегі жеке мәліметтерді жазып алу мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде онлайн төлем жасау кезінде және онлайн арқылы қызмет сатып алу , тауар сатып алу кезіндегі төлем карталарындағы мәліметтердің жазып алып, сол арқылы ұрлау жағдайлары жиі кездеседі», - дейді банктің ресми өкілі Ербол Азанбек.


Маманның сөзінше, ұрлық банкоматтың қасынан да басталуы мүмкін. Мысалы, оның жанына келіп, ақшаңызды алаңдамай шешесіз. Бірақ қондырғының кез-келген тұсында құпия және CVI-кодты айнытпай анықтайтын түрлі кішкентай құрылғы орнатылған болуы мүмкін. Әдетте әккі ұрылар мұндай әдістерді мұқият дайындайды, дейді мамандар. Осылайша, ақшаңызды кім және қалай шешкенін білмей де қаласыз. Сондықтан банк картасынан қаражатты аларда міндетті түрде абай болған жөн.


Құзырлы орган өкілі қазір мұндай қылмыстың күрт белең алғанын растайды. Биылдың өзінде картадан ақша ұрлау бойынша 40 қылмыс әшкереленсе, оны жасаған 7 адам бас бостандығынан айрылыпты. Қалғандары іздестірілу үстінде.


«Мейрамханаларда жұмыс істейтін 7 даяшы ұсталды. Оларға шара қолдандық», - дейді полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының «Киберқылмыспен күрес» бөлімінің аға жедел уәкілі Саят Дүйсембаев.


Полицейлердің айтуынша, осы қылмысты жасағандар ұрлаған ақша көлеміне байланысты 4-7-жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Ең қызығы, құзырлы орган өкілдері 8-800-8819 колл-орталығынан жұртты бопсалап жүргендерді де тауыпты. Олар түрлі жолмен, көпшілікті алдап соғатын көрінеді. Ең қызығы қылмыстың бұл түрі былтыр мүлдем болмаған, дейді.

 




Көрілген: 810    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.06.2019, 14:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30