Нарық

Салық көбейіп, қолға тиетін жалақы азаяды

  • Салық көбейіп, қолға тиетін жалақы азаяды

    Салық көбейіп, қолға тиетін жалақы азаяды

Келер жылдан бастап әрбір жұмыс беруші бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қызметкер табысының 5 пайызы мөлшеріндегі жарна аударуға міндетті.


Мамандар бизнестегі қосымша ұсталым қызмет пен тауар құнын қымбаттатып жіберуі мүмкін деп қауіптеніп отыр. Сәйкесінше, "конвертпен" жалақы берушілер де арта түседі. Жаңашылдықтың заңдық нормалары 2015 жылы енгізілгенімен, келер жылдан бастап қана күшіне енбек. Әзірлеушілердің пікірінше, бұндай шаралар қазақстандықтардың болашақ зейнетақысының мөлшерін арттыруға көмектеседі. Енді БЖЗҚ шотына еңбекақының 15 пайызы аударылатын болады. Бірақ үкіметтің бұл әрекетін қуана қарсы алып жатқан кәсіпкерлер көп емес. Өйткені олар үшін бұл 5 пайыз қосымша жүк. Әсіресе шағын және орта кәсіп иелеріне ауыр. Бүгінде жұмыс берушілер әлеуметтік салық және міндетті медициналық сақтандыру қорына (ММСҚ) қаржы аударады. Енді зейнетақы төлемдері қосылып жатыр. Ал міндетті сақтандыру қорына аударылым 1,5 пайыздан 3 пайызға дейін өспек. Өзгерістің теріс салдарының бірі – бизнес өкілдері салыққа кеткен қосымша шығынды тауар мен қызмет түрлерін қымбаттату арқылы өтеуге тырысуы мүмкін.


Қымбатшылықтан қиналатын әрине қарапайым халық. Ал салықты аз төлеу үшін табысты төмендетіп көрсетіп, бизнестің көлегейлі экономикаға кетуінен мемлекет еселеп ұтылады. Сәйкесінше, ресми түрде аз, қалғанын қолға беретін "конверттік" жалақы артады. Жаңа норманы экономист Олжас Құдайбергенов өзінің фейсбуктағы парақшасында мысал жүзінде түсіндіріп берді. "Қызметкеріңіздің кесімді жалақысы 100 мың теңге деп алайық. Одан зейнетақы қорына 10% = 10 мың теңге, қалған сомадан (90 мың) жеке табыс салығына тағы 10% = 9 мың ұсталынады. Сонда қолға 81 мың теңге тиеді. Бұдан бөлек жұмыс берушілер кесімді жалақыдан әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемге 9,5% = 9,5 мың теңге, ММСҚ-ға 1,5 мың теңге төлейді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс беруші 5 пайыз қосымша зейнетақы қорына төлем жасайды. Ол жоғарыда аталған жалақының тағы 5 мың теңгесі. Бұдан бөлек, ММСҚ-ға 1,5%-дан 2%-ға дейін, 2022 жылдан 3%-ға дейін қаржы аударады. Бұл манағы жалақының 3 мың теңгесі. Сонда 2022 жылы жалақысы 100 мың теңгелік қазақстандық қолына 79 мың теңге алса, жұмыс беруші 100 мың еңбекақы төлегені үшін 38,5 мың яғни қолға тиетін жалақының 49 пайыз мөлшеріндегі салық төлейді" дейді экономист. Еңбекақы қорының салар салмағының ауыр екенін атап өткен ол салық және зейнетақы жүйесін жетілдіру керек деп есептейді. Осылайша мемлекет азаматтардың қарттығын қамтамасыз ету жауапкершілігін халықтың өзі мен жұмыс берушілерге артып қоюда.


qamshy.kz




Көрілген: 785    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.08.2019, 10:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31