Салықтық жеңілдіктер қысқартылады
Бұл туралы Сенатта өткен «Салықтық льготаларды оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру» атты «дөңгелек үстелде» жарияланды.
Бұған дейін арнайы тексеріс жүргізген Есеп комитеті Үкіметке еліміздегі салықтық жеңілдіктердің бәрін болмағанымен, біразын жою туралы кеңес берген екен. Содан Министрлер кабинеті, бизнес-қауымдастықтармен бірлесіп, қолданыстағы жеңілдіктерге жаппай ревизия жүргізіп шыққан. Оның қорытындылары кеше жарияланды.
Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайыновтың мәліметінше, бүгінде Қазақстанда барлығы 281 салықтық жеңілдік жұмыс жасайды.
– Бұлардың ішінде 118-і – стандартты, ал 163-і – стандартты емес, – деді ол. – Негізгі жұмыс та осы соңғылары бойынша жүргізілді. Нәтижесінде, стандартты емес жеңілдіктерді біз бірнеше топқа бөлдік.
Төртіншісі «инвестициялық» және экономикаға инвестиция тартуды көздейді. Мұндай 16 жеңілдік бар. Осылардың барлығы бойынша Үкімет, кәсіпкерлермен бірлесіп, олардың қаншалықты бюджеттік, әлеуметтік, экономикалық нәтиже беріп отырғандығын талдаған.
«Осы критерийлерді негізге ала отырып, біз бірінші кезекте қысқартылатын жеңілдіктерді анықтадық, бұлар – уақытша, жекеге бағытталған және ДСҰ-ға кіру талаптарына қайшы келетін жеңілдіктер» деген М.Құсайынов осы орайда қысқартуға «инвестициялық топ» ілікпейтінін ескертті. «Қазақстанға Тәуелсіздіктің бүкіл жылдарында тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың 50 пайызы соңғы 4 жыл үлесіне тиеді. Сондықтан инвестициялық қызметті ынталандыруға бағытталған қолданыстағы салықтық жеңілдіктер негізделген және тиімді, демек, сақтауға жатады деп санаймыз!»
Осылайша, жүргізілген ревизия қорытындысы бойынша жалпы сомасы 200 миллиард теңгеден асатын салықтық жеңілдікті жою ұсынылып отыр. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жер салығын 70 пайызға азайту, стратегиялық инвестициялық жобаларды жер мен мүлік са-лығынан босату, дивидендтер салығына жеңілдік, қаржылық лизинг сыйақысын корпоративтік табыс салығынан босату секілді жеңілдіктер тарихқа кетеді. Сондай-ақ аяқталуының нақты мерзімі көрсетілетін уақытша жеңілдіктер де алынып тасталмақ.
Автор: Айхан Шәріп, Айқын
Жұлдыз
Радиосы