Нарық

«Самұрық-Қазына» 2018 жылғы кірістің күрт өсуін түсіндірді

  • «Самұрық-Қазына» 2018 жылғы кірістің күрт өсуін түсіндірді

    «Самұрық-Қазына» 2018 жылғы кірістің күрт өсуін түсіндірді

 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Қоғаммен байланыс департамені хабарлағанындай, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қордың негізгі қызметінен тапқан табысы 8,5 трлн. теңгені құрап, 35%-ға өскен. Акционер үлесіндегі (ҚР Үкіметі) таза кірістің көлемі 1,1 трлн. теңге, яғни 2017 жылмен салыстырғанда 83% көп. Бұл көрсеткіштер көмірсутегілер бағасының арту қарқынынан әлдеқайда жоғары, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.


«Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанаділдің айтуынша, қаржылық көрсеткіштердің жақсаруы Қор менеджментінің тиімділігі мен даму стратегиясының іске асуына байланысты. Бұл ең алдымен өнім өндіру көлемін арттырды. Мұнай мен мұнай өнімдерін сату –15%-ға, тауарлы газ – 31%-ға, уран - 65%-ға өсіп, жүк айналымы 7,1%-ға көтерілді. Сондай-ақ мұндай қаржылық нәтижеге жетуге әлемдік мұнай бағасының 32%-ға өсуі де оң әсерін тигізді. «Тағы бір айта кетерлігі, трансформация, цифрландыру бағдарламаларының нәтижесі мен сатып алудағы үнемдеу таза кіріс көлемінің 104,2 млрд теңгеге артуына әсер етті. Мұнда пайданың негізгі үлесі - 72% - сатып алудағы үнемдеуден, 26% - трансформация бағдарламасының тиімділігі» – дейді Қордың топ-менеджері.




Сондай-ақ алынған дивиденд көлемі 2 есе өсіп, 296 млрд. теңгені құрады. Топтың қарыз көлемі 1 трлн. теңгеге қысқарды. Сыртқы қарыз 4 млрд. АҚШ долларына қысқарды. Қордың табыстылығы (ROE) 2017 жылы 6,5% болса, 2018 жылы 8%-ды құрап, Temasek Holdings (Сингапур) немесе Future Fund (Австралия) секілді халықаралық қорлар дәрежесіне жетті.


«Ұлттық әл-ауқат қоры активтерінің өсімі қуантады. Қазір өсім капиталының оң динамикасы байқалады, яғни мемлекетте қосымша қаражат қоры бар деген сөз, – дейді экономист Расул Рысмамбетов. Таза кірістің өсуі аздап таң қалдырады, 83% - өте үлкен көрсеткіш, бұл өткен жылдардың күрделі болғанын меңзейтін болса керек. Бұл ақпаратты Қор жағымды жаңалық етіп көрсетуге тырысқанымен, ұлттық компаниялардың ел экономикасындағы үлесі артуы мемлекет үлесінің өскенін көрсетеді. Яғни, кіші және орта бизнес үлесі азайды деген сөз».


Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жаңа төраға тағайындалғаннан кейін үш айдан соң, 2018 жылдың сәуірінде Елбасы Қор дамуының 2018-2028 жылғы стратегиясын бекіткен болатын.


 


Tengrinews.kz




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.04.2019, 11:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30