Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сән-салтанат салығы қозғалтқыш көлемі емес, көліктің құнына қарай салынады - министр

26 желтоқсан 2022, 13:10

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сән-салтанат салығы қымбат автокөлік қозғалтқышының көлеміне емес, автомобиль құнына қарай салынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қозғалтқыштың көлеміне қатысты сән-салтанат салығын қарастырып отырған жоқпыз. Негізінде, бізде қазір қандай да бір түрде сән-салтанатқа салынатын салық бар. Қозғалтқыш көлемі үлкен болса, прогрессивті шкала ескерілген, яғни оның көлемі үш литрден асқанда, көлікке қатысты тиісті салық бар. Ал, сән-салтанат салығын енгізу аясында біз көлік құнына қараймыз. Мысалы, көлік құны 200 мың доллар болса, онда бастапқы жарна кезінде бір реттік төлем немесе жыл сайынғы төлем болуы мүмкін. Сондықтан, көлік қозғалтқышының көлеміне қарай есептеу болмайды деген ойдамын, - деді Ә. Қуантыров Сенат отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда, ол бұл бағыттағы нақты мәліметтер 2023 жылы белгілі болатынын айтты.

«Сән-салтанат салығын талқылау енді ғана басталды. 2023 жылдың бірінші тоқсанында талқылаулардың негізгі кезеңі болады. Біз қазір дамыған елдердің халықаралық тәжірибесін зерттеп жатырмыз», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдан бастап сән-салтанат салығы туралы норма күшіне енеді.