Нарық

Сапарбаев: Ешкімнің біреудің тауығын есептеп, үйіндегі тоңазытқышын тексеруге хақы жоқ

  • Сапарбаев: Ешкімнің біреудің тауығын есептеп, үйіндегі тоңазытқышын тексеруге хақы жоқ

    Сапарбаев: Ешкімнің біреудің тауығын есептеп, үйіндегі тоңазытқышын тексеруге хақы жоқ

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "Эфир" жобасының жаңа қонағы болып, халықтың әлеуметтік желілерде қойылған сұрақтарына жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Сапарбаевтың айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек отбасының табысына қарай жарты жылға, бір жылға есептелінеді екен. Егер, сол жарты жылдың ішінде отбасының табысы өзгеретін болса, мысалы көбейсе, жәрдемақы тоқтатылады. Министр сондай-ақ, жасына қарай төленетін зейнетақының зейнеркерлер үшін, олардың өз шығынын өтеу үшін берілетінін еске салды.


«1 сәуірден бастап аз қамтылған отбасылар, алтын және күміс алқа иелері алатын, мүгедек балаға төленетін жәрдемақылар, шәкірақы табыстың көзі болып есептеліп келген. Қазір біз оны алып тастадық. Ең үлкен өзгеріс жеке, қосалқы шаруашылықты есептегенде енеді»,- дейді Бердібек Сапарбаев.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ешкімнің әлдебіреудің тауығын, сиырын, үйіндегі тоңазытқышында не барын тексеруге құқығы жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, жәрдемақыға үміткер адамдардың шығыны да, кірісі де есептелуі керек. Себебі, 1-2 малдан келетін кірісті есептегеннен пайда жоқ дейді.


«Малды есептегенде де қарай керек. Сол сиырдан нақты пайда бар ма, жоқ па соны ойлау керек. Сиырдың сүтін есептейді. Ал, ол сиыр қысыр қалды. Олар есептеген сүт қайда сонда»,- дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министі Бердібек Сапарбаев.




Көрілген: 923    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 12:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31