Нарық

Сапарбаев зейнетақы жинағын алуға рұқсат берудің шарттарын атады

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Зейнетақы жинағын алуға рұқсат беру үшін үкімет қазақстандықтың қордағы ақшасы мен өмір сүру ұзақтығына қарайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Вице-премьердің айтуынша, қазір зейнетақы жинағындағы қаражатты алуға қатысты мәселе пысықталып жатыр. Арнайы жұмыс тобы құрылған.


"Біріншіден, бұл әр азаматтың зейнетақы жинағына байланысты болады. Екіншіден – өмір сүру ұзақтығына. Бұл азамат шамамен қанша жыл зейнетақы алатынын есептейміз. Яғни, өмірінің қалған күндеріне жинаған қоры жете ме, жоқ па, соған қараймыз", - деді Сапарбаев мәжіліс кулуарында.


Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауында үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруы қажет екенін айтқан болатын.


Президент үкіметке жылдың соңына дейін қазақстандықтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана мен білімге жұмсауға пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды.


 




Көрілген: 2484    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.10.2019, 16:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30