Нарық

Сарапшы әлем нарығындағы жағдай теңгеге қалай әсер ететінін айтты

  • Сарапшы әлем нарығындағы жағдай теңгеге қалай әсер ететінін айтты

    Сарапшы әлем нарығындағы жағдай теңгеге қалай әсер ететінін айтты

ҚҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Н.Тұрсынханов теңгенің айырбастау бағамына қатысты ағымдағы жағдай туралы түсіндірме берді. 2 қарашада ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты бағамы 0,55 пайызға әлсіреп, бүгінгі сауда-саттық 435,2 теңге деңгейінде жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлемдік нарықтардағы оқиғалар тәуекелді активтерге және дамушы елдердің валюталарына, оның ішінде теңгеге де теріс әсерін тигізуді жалғастырып жатыр.
COVID-19-дың екінші толқыны тәуекелі іске асты, әлемде сырқаттанғандар саны 46,5 миллион жағдайға жетті. Германия мен Франциядағы локдауннан кейін Ұлыбританияда жаңа шектеу шараларының енгізілетіні туралы жарияланды: 5 қараша-2 желтоқсан аралығында бірінші қажеттілік тауарларын сататындардан басқа барлық бөлшек сауда кәсіпорындары жабылады", - дейді сарапшы.

 
Осылайша, коронавирусты жұқтырудың екінші толқыны үдеп, жаһандық экономиканың өсу перспективасына қауіп төндіріп жатыр. Осының аясында мұнайдың бағасы едәуір төмендеді. 2 қарашада сауда-саттықтың ашылуында Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің бағасы күрт төмендеп, бір баррель үшін 37 АҚШ доллары белгісіне жетті, бұл жұмадағы жабылудан 4,6 пайызға төмен болды.

Нарықта ұсыныстың өсуі де мұнай үшін теріс фактор болып табылады. 31 қазанда Ливияның ресми тұлғалары елде мұнай өндірудің тәулігіне 800 мың баррельге дейін өсуі туралы және 2021 жылдың басында өндіруді тәулігіне 1,3 миллион баррельге дейін арттыру жөніндегі өздерінің жоспарлары туралы хабарлады.

Дамушы елдердің валюталары күрделі қысымның ықпалында. Ең жоғары әлсіреуді Ресей рублі көрсетті, ол сауда сессиясының ашылуынан бастап бүгін ағымдағы жылғы наурыздан бері алғаш рет бір АҚШ доллары үшін 80 рубль белгісінен асып, бір күн ішінде 80,95 белгісіне жетті. Өткен дүйсенбі, 26 қазаннан бастап басқаларына қарағанда АҚШ долларына қатысты Ресей рублі (-5,27 пайыз), түрік лирасы (-3,94 пайыз) және Мексика песосы (-1,43 пайыз) әлсіреді.

Жоғарыда аталған барлық фактор жиынтығында ұлттық валютаның бағамына әсер етеді және бұдан кейінгі серпін әлемдік нарықтардағы ахуалға сөзсіз байланысты болады.

Алдағы уақытта болатын Президент сайлауы мен АҚШ Конгресіне сайлау, сондай-ақ мұнай өндіруді қысқартуға қолданыстағы квоталарды ұзарту жөніндегі ОПЕК+ шешімі әлемдік нарықтардағы таяу серпінді айқындайтын негізгі факторлар болып табылады. 2021 жылғы мәміленің талаптары туралы шешім ағымдағы жылғы қарашаның соңында - желтоқсанның басында қабылданатыны күтіледі.




Көрілген: 999    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.11.2020, 08:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31