Нарық

Сарапшы: Доллар бағамы 500 бен 600 теңгенің арасында тұрақтайды

  • Сарапшы: Доллар бағамы 500 бен 600 теңгенің арасында тұрақтайды

    Сарапшы: Доллар бағамы 500 бен 600 теңгенің арасында тұрақтайды

Қазақстанда доллар бағамы 500-600 теңге аралығын құрауы мүмкін. Мұндай болжамды экономика ғылымдарының докторы, қаржы сарапшысы Вячеслав Додонов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.

Өз сөзінде сарапшы доллар тікелей мұнай бағамына тәуелді екендігін жеткізді.

"Мұнай факторы басымдылыққа ие болып отыр. Доллардың қымбаттауы мұнай нарығындағы соғыс пен дүниежүзілік пандемияға байланысты. Десек те, Сауда Арабиясы жариялаған мұнай соғысы қара алтынның бағасын "тиын-тебенге" дейін түсіріп жібергені хақ", - дейді қаржы маманы.

Ол қазақстандықтарды доллардың тағы да шарықтауына дайын болған жөн деп ескертті.

"Менің болжауымша, мұнай бағамы 30-35 доллар аралығында қалады. Десек те біздің еліміздегі кейбір сарапшылар доллар мен мұнай бағасы бір-біріне тәуелді емес деп отыр. Керісінше, АҚШ валютасының көтерілуінің негізгі себебі осы. Шамамен бір доллар 500 және 600 теңге аралығында болады. Ал мұнай 15 долларға дейін төмендеген жағдайда теңгеміз мүлдем құлдырайды", - деп қосты экономист.

Сөзінше, доллардың 500 теңгеге дейін өсуі қорқатындай құбылыс емес көрінеді.

"Бұл соншалықты аласапыран тудыратын жайт емес. 500 теңге көп болып көрінгенімен, пайыз бойынша есептейтін болсақ бұл 25%. Себебі қазір бір доллар шамамен 400 теңгенің айналасында болып тұр ғой. Ал 2015-2016 жылдары мәселе одан да ушығып кеткен еді ғой. Ұлттық қордың резерві жетерлік екендігі айтып өткен жөн. Ұлттық банктің 90 миллиард доллар аз ақша емес. Мұнай бағамы үш есе түссе де ақырзаман келмейді. Бұған дейін бұл құбылыс бірнеше рет болған", - дейді Вячеслав Додонов.

Сарапшы бұл жағдайдың қазақстандықтар үшін өз пайдасын әкелетінін жеткізді.

"Жақсы жаңалықтың бірі біздің зейнетақы жинақтамамыз да көтеріледі. Теңге құлдыраған кезде теңгелік кіріс, керісінше, көбейеді. Мүмкін осы жылдың соңында біздің зейнетақы жинақтамамыз екі есе өскендігін байқайтын болармыз", - деп аяқтады сөзін маман.

Атап өтерлік жайт, доллардың қазіргі ресми бағамы 446 теңгені құрап отыр.




Көрілген: 1559    Пікірлер: 0

жұма, 27.03.2020, 21:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31