Нарық

Сарапшы елімізде жанармай бағасының неге қымбаттағанын түсіндірді

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Мұнай-газ саласының сарапшысы, «Байділдинов. Мұнай» бағдарламасының жүргізушісі Олжас Байділдинов жанармай бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді.

 

Баға өткен жылы қымбаттауы керек еді. Былтыр 20 наурызда мен жанармайдың өзіндік құнынан төмен сатылуының есебі бар сараптамалық материал жарияладым. Қараңыздар, қазір мұнай барреліне 60-65$ шамасында саудаланып жатыр, яғни қазақстандық мұнай литріне шамамен 170 теңгеден сатылып жатыр. Ал А-92 жанармайы Қазақстанда 155-160 теңге тұрады. Яғни, қайта өңдеудің дайын өнімі шикізаттан арзан болды. Мұндай есеп бірде-бір тауарға қатысты жүзеге асырылмайды. Мысалы, сүттің литрі 300-350 теңге, майдың келісі 3000 теңге тұрады, - деді Олжас Байділдинов.

 

Сарапшының айтуынша, бұл жағдай ұзаққа созылмады және нарық бағаның өсуіне теңгерімсіздікпен жауап берді.

 

Себебі шикі мұнай ішкі нарыққа барреліне 20-30$ бағамен жеткізіледі, бұл әлемдік бағадан 2-3 есе төмен, ал қазақстандық мұнайдың орташа өзіндік құны барреліне 40$-ға жуық қаржыны құрайды. Яғни, МӨЗ-де мұнай тек әлемдік бағамен ғана емес, өзіндік құнынан да төмен сатылады,- деді ол.

 

Сарапшы атағандай, байқалған өсуден кейін де бұл теңгерімсіздік сақталып отыр.

 

Біз әлі де ең арзан жанармай бойынша әлемнің 10 елінің қатарындамыз. Көрші елдерде бензин 60-100 теңгеге қымбат тұрады. Тіпті Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясында А-95 жанармайы 250-260 теңге тұрады. Бізде жанармай бағасы арзан әрі жалақыға ыңғайлы, - дейді Байділдинов.

 

Сарапшы биыл теңгерімді жағдайда А-92-нің бағасы 200 теңгеге жақын болуы тиіс екенін болжағанын айтты.

 

Наурыз айынан бастап ҚР-да мұнай өнімдері биржада саудаланады, яғни баға белгілеудің ашық нарықтық тетігі енгізілді. Бағаны реттеу және төмендету дұрыс болмайды, бұл отын тапшылығына алып келеді. Оған қоса біз бір жылдан астам уақыттан бері көрші елдерге ЖЖМ ағыны бар екенін байқап отырмыз, - деді сарапшы.

 

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 858    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 18:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31