Нарық

Сарапшы кредитті уақытынан бұрын қай кезде жабу тиімді екенін айтып берді

  • Сарапшы кредитті уақытынан бұрын қай кезде жабу тиімді екенін айтып берді

    Сарапшы кредитті уақытынан бұрын қай кезде жабу тиімді екенін айтып берді

Несие мерзімінің бірінші жартысында кредитті уақытынан бұрын өтеген тиімді, дейді маман. Ресейдің қаржы министрлігіне қарасты қаржылық сауаттылық орталығының директоры Анна Харнас кредитті қай кезде уақытынан бұрын төлеу тиімді болатынын айтты, деп хабарлайды "Российская газета".

"Несие мерзімінің бірінші жартысында кредитті уақытынан бұрын өтеген тиімді. Төлем жүйесі әдетте аннуитет болуы керек. Алдымен сіз банк процентін төлейсіз. Содан кейін сіздің төлеміңіздегі сыйақы сомасы азаяды, ал негізгі қарыз керісінше, өседі. Сондықтан кредит мерзімі басталған кезде мерзімінен бұрын өтеу процентті қайта есептеп, артық төлемнің төмендеуіне әкеледі", - деп түсіндірді Харнас.
Оның айтуынша, кредит мерзімінің соңында уақытынан бұрын өтесеңіз, үнемдей алмайсыз. Өйткені бұл уақытта негізгі қарыз төленіп жатады.

Харнас кредит төленетін күні мерзімінен бұрын өтеу жасалғаны дұрыс деп түсіндірді. Өтйкені, егер сіз кейінірек төлейтін болсаңыз, онда кезекті төлем күнінен бастап өткен күндер үшін есептелген сыйақы енгізілген сомадан есептеліп, қалған сома ғана мерзімінен бұрын өтеуге кетеді. 




Көрілген: 2575    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 00:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30