Нарық

Сарапшылар Қазақстандағы жұмыссыз жастар үлесін есептеп шығарды

  • Сарапшылар Қазақстандағы жұмыссыз жастар үлесін есептеп шығарды

    Сарапшылар Қазақстандағы жұмыссыз жастар үлесін есептеп шығарды

Қазақстандағы әрбір төртінші жас жұмыссыз және олардың көпшілігі алты ай бойы жұмыс таба алмай жүріп қалады. Finprom.kz порталының сарапшылары Қазақстандағы жұмыссыздардың қанша пайызы жастар үлесіне тиесілі екенін және олардың жұмыс табуға қанша уақыт кететінін есептеп шығарды.

"Жұмыссыз жастардың үлесі Қазақстандағы барлық жұмыссыздардың 16,9 процентін құрады. 2020 жылғы бұл көрсеткіш 18,4%-ті, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6%-ті құрады. Әйелдер арасында жұмыссыздық деңгейі 4,4%-ке, ал ерлердіке 2,9%-ке тең", деп көрсетілген зерттеуде.
2020 жылдың төртінші тоқсанында республикада 15 пен 28 жас аралығындағы 76,6 мың жұмыссыз жастар болды және бұл бір жыл бұрынғы деңгеймен 5,5%-ке аз. Оның 32,5 мыңы  ер, 44,1 мыңы  әйел адам. 48 мың жас қалада, 28,6 мың адам ауылдық жерлерде тұрады.

Қай өңірлер көш бастап тұр
Республика бойынша жұмыссыз жастардың ең көбі Алматыда (18,9%-ті немесе 14,5 мың адам) тұрады: бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ке аз. Одан кейін Алматы (9,7 мың адам) мен Түркістан (6,7 мың адам) облысында тіркелген.

Жұмыссыздар санының едәуір өсуі Солтүстік Қазақстан (жылына 34,3%) мен Павлодар облысында (33,9%) байқалады. Сондай-ақ, Ақмола облысында да жылдық өсу қарқыны 22,8%-ке жеткен. Көрсеткіштің ең көп төмендеуі Ақтөбе облысында тіркелген.

Жастар қанша уақыт жұмыс іздейді
Жұмыссыз жастардың көпшілігі  21,1 мың адам (бір жыл бұрынғыдан 21% көп) үш айдан алты айға дейінгі аралықта жұмыс іздеген.

Келесі 21 мың адам бір айдан үш айға дейінгі аралықта жұмыс табуға тырысқан (жылына -22%). 14,5 мың жас жұмыс іздеуді алты айдан бір жылға дейін жалғастырады.




Көрілген: 1149    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 11:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30