Нарық

Сарапшылар Қазақстандағы зейнетақы жүйесін реформалауды сұрап отыр

  • http://ult.kz/

    http://ult.kz/

Қолданыстағы зейнетақы жүйесі қазақстандықтардың баспана мәселесін шеше алмайды. Себебі, халықтың 70%-інің жинағы 1 млн теңгеге де жетпейді. Бұл туралы стратегиялық бастамалар орталығының мамандары мәлімдеді.


Күні ертең баспана мәселесін зейнетақы қоры арқылы шешеміз деп үмітін үкілеп жүрген тұрғындарға қайтпек керек енді? Сарапшылар зейнетақы жүйесін реформалауды сұрап отыр.


«Мысалы, сингапурлық әдіске жүгіну ұтымды», - дейді олар. Ол қандай әдіс? Қазақстанда орталық жинақтау қоры құрылу керек. Стратегиялық бастамалар орталығының мамандары осындай пікірде.


Сарапшылар зейнетақы жүйесін толықтай реформалауда сингапурлық әдісті тиімді санайды. Жоба 20 қарашада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қатысуымен өтетін стратегиялық бастамалардың екінші форумында пысықталмақ. Оның негізінде мемлекетте жұмыс беруші мен жұмысшы ай сайынғы салым жасайды. Кейін бұл қаражат әдеттегі арнайы және медициналық есепшоттарға бөлінеді. Алғашқысын салымшы тұрғын үй алуға не өзі, болмаса отбасы мүшелерін оқытуға жұмсайды. Сондай-ақ осы ақшаны еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда алдын ала шешіп алуға құқылы. Өз кезегінде арнайы есепшоттағы қаражат зейнетақы қоры ретінде сақталады. Медициналық шоттағы қаржыны салымшы денсаулығын түзеуге жұмсай алады.


Қолданыстағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы кезде сынға көп ілігуде. Демек, мемлекет те жүйені жетілдіруге мүдделі болуы керек.


24.kz

 




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.11.2019, 14:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31